Назарбаевтың күйеу балалары қызметтерінен босатылды

  • 15.01.2022

«КазТрансОйл» АҚ басқарма басшысы  Димаш Досанов пен  «ҰК «КазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың қызметтерінен босатылғанын kaztag ақпарат агенттігі хабарлады.

 «Шешім ( Досанов пен Шәріпбаевтың қызметтерінен босауы– КазТАГ) директорлар кеңесінде қабылданды», - депті жағдайдан хабары бар дерек көзі.

Досанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі, ал  Шәріпбаев  экс-президенттің үлкен қызы  Дариға Назарбаеваның күйеуі.

Бұған дейін Әлия Назарбаева әлеуметтік желі парақшасында қазақстандықтардың әкесіне қолдау білдіріп жатқанын жазған еді. Алайда, кейіннен Әлия Назарбаеваның әлеуметтік желілердегі парақшалары өшіріліп кетті. Кей деректерге қарағанда Әлия Назарбаева соңғы рет әлеуметтік желіге  Біріккен Араб Әмірліктері жерінде жүріп жазба жариялаған.

Ал Дариға Назарбаева мәжілістің соңғы жиындарында төбе көрсеткен жоқ. "Депутат коронавирус жұқтырғандықтан жұмысқа келген жоқ" деген ақпарат таратып жатыр.

Н.Назарбаевтың және бір туысы -немере інісі Самат Әбіштің әлі де ҰҚК төрағасының орынбасары екені, алайда, қазіргі кезде еңбек демалысында демалып жатқанын кеше ҰҚК хабарлаған болатын.

Байланысты жаналықтар

Дариға Назарбаева тағы бір қызметтен кетті

14.03.2025

Әлия Назарбаеваның қайда жүргені белгілі болды

25.02.2025

Әлия Назарбаеваның үстінен шағымдар көбейді

12.02.2025

Ардақ Назаров Әлия Назарбаевамен байланысы туралы қауесетке нүкте қойды

25.11.2024

«Рейдерлік шабуыл жасады»: Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

10.06.2024

Барып тұрған арсыздық – Ермұрат Бапи Әлия Назарбаеваның кәсіпкермен арадағы дауы жайлы

29.05.2024
MalimBlocks
Дариға Назарбаева тағы бір қызметтен кетті

Әлия Назарбаеваның қайда жүргені белгілі болды

Әлия Назарбаеваның үстінен шағымдар көбейді

Қазақстан кәсіпкерлердің арызы тіркелгенін алға тартып, жақын арада шақырту жіберуге уәде берген.

Ардақ Назаров Әлия Назарбаевамен байланысы туралы қауесетке нүкте қойды

Депутаттың айтуынша, оққағар болуға бойының ұзындығы сай келмейді.

«Рейдерлік шабуыл жасады»: Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

Ол кәсіпкер Нұрлан Баймурзин мен Медғат Қалиевті айыптады.

Барып тұрған арсыздық – Ермұрат Бапи Әлия Назарбаеваның кәсіпкермен арадағы дауы жайлы

Журналистер кулуарда депутаттан “Әлия Назарбаеваның Бимурзиннің өзін сотқа беруі қандай да бір сигналды білдіре ме?” деп сұраған.