«Рейдерлік шабуыл жасады»: Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

Ол кәсіпкер Нұрлан Баймурзин мен Медғат Қалиевті айыптады.

Malim Админ

  • 10.06.2024

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева бірқатар кәсіпкердің үстінен шағым түсірді. Алайда сот кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы кәсіпкер Нұрлан Баймурзин мен серіктесі Медғат Қалиевті рейдерлік шабуыл жасады деп айыптап, сотқа берді. Өткен аптада сот құқықбұзушылықтың анықталмауына байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, ақпан айында Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин Бас прокуратураға Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған еді.

Бізді қолдаған жанашыр азаматтарға алғысымды білдіремін. Атышулы есімдерге қарамастан заңды әрі әділ шешім шығарған сот жүйесіне ерекше алғыс айтамын. Арызымыз 4 ай бойы бір органнан екінші органға жіберілгендіктен, істің әділ аяқталуына күмәнмен қарадық. Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігіне қарағанда ескінің сарқыншағын емес, заңды басшылыққа алатынына көзіміз жетті. Ішкі істер министрлігі процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі жіберген өтінішті қарайды деген сенімдеміз, – деді Нұрлан Баймурзин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әлия Назарбаеваға қатысты рейдерлік шабуыл жасау бойынша қылмыстық іс Алматының экономикалық тергеу департаментіне берілді. Сол арқылы прокуратура Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызына қарсы «сотқа дейінгі тергеу жүргізуден бас тарту туралы» полицияның шешімін жойды.

Фото: Sputnik.kz

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды