Токио олимпиадасы кейінге шегерілмек

Malim Админ

  • 23.03.2020

Коронавирустың жаппай таралуына байланысты Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындары кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мәлімдеме жасады.

ХОК Токио-2020 олимпиадасының уақытын кейінге шегеру туралы соңғы шешімді бір ай уақыт көлемінде хабарлаймыз деді.

«Әлемдік жағдайдың шұғыл өзгеруіне байланысты Токио олимпиадасының өту тәртібін талқылауды бастаймыз. Жарысты кейінге шегеріп, уақытын өзгерту жағын қарастырамыз. Талқы төрт апта ішінде бітіп қалар. Бірақ, Токио олимпиадасын мүлде өткізбеу туралы әңгіме жоқ», делінген мәлімдемеде.

Жалпы, Токио олимпиадасының өту-өтпеуіне қатысты күмән бұған дейін де айтылып келген. Түрлі сарапшылардың пікіріне қарамастан, олимпиада комитеті әлемдік жарысты уақытында өтеді деп жүрген. Пандемияға байланысты бірқатар спортшылар мен спорттық мекемелер Токио-2020-ны биыл өткізбеуді сұрап, ХОК-қа өтініш түсірген. Олимпиаданың кейінге шегерілуіне жарыста адамдар көп жиналады деген күмән ғана емес, қазіргі жағдайда спортшылардың дайындық жұмыстарын жүргізе алмай жатқаны басты себеп болып отыр. Өйткені, көптеген елдерде төтенше жағдай жарияланып, спорттық дайындықтар мен жаттығулар тоқтаған.

Токио-2020 биыл 24 шілдеде басталуы керек болатын. Төрт жылда бір келетін бұл жарыс бұған дейін соғыс кездерінде – 1916 (Берлин), 1940 (Токио), 1944 (Лондон) жылдары өтпей қалған. Ал, өтетін орны мен уақытын өзгерту олимпиада тарихында бірнеше рет болған.

Байланысты жаналықтар

ҰҚК: Қазақстанда салафизмге тыйым салынбайды

06.02.2020

Қытайда тағы бір қауіпті вирус анықталды

02.02.2020

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»

17.07.2020

Харари: Пандемиямен күрес - адам құқықтарын шектеудің басы

28.03.2020

Досым СӘТПАЕВ: Дариға Назарбаеваны сенаттан кетірген үш себеп

02.05.2020

"Түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайды"

11.03.2020
MalimBlocks
ҰҚК: Қазақстанда салафизмге тыйым салынбайды

Қытайда тағы бір қауіпті вирус анықталды

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»

Харари: Пандемиямен күрес - адам құқықтарын шектеудің басы

Досым СӘТПАЕВ: Дариға Назарбаеваны сенаттан кетірген үш себеп

"Түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайды"