457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олимпиада-2028: Лос-Анджелестегі ойындардың күнтізбесі жарияланды

Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті (LA28) жарыстардың ресми күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұйымдастыру комитеті мәлім еткендей, Олимпиада 2028 жылғы 14 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Алайда спорттық жарыстар бұдан бұрын, яғни 12 шілдеде басталады.

12–13 шілде — алты спорт түрі бойынша іріктеу матчтары басталады: футбол, регби-7, алаңдағы хоккей, гандбол, су добы және крикет.

14 шілде — ашылу салтанаты екі аренеде қатар өтеді: тарихи Los Angeles Memorial Coliseum мен SoFi Stadium.

15 шілде — медальдар үшін бәсекелер басталады. Алғашқы алтын жүлде триатлонда табысталады.

29 шілде — шамамен 35 финалдық жарыс өтеді.

30 шілде — Олимпиаданың соңғы күні. 

Осы күні баскетбол, гандбол, су добы және өзге де командалық спорт түрлері бойынша чемпиондар анықталады. 

Кешке Coliseum стадионында жабылу салтанаты өтеді.

32 спорт түрін, жарыс өтетін орындарды, іріктеу кезеңдері мен финалдардың нақты күндерін қамтитын толық күнтізбе LA28-дің ресми сайтында жарияланған.

Фото: la28.org/