Коронавирус: 22 депутат жұмысқа шықпайды

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 26.03.2020

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:

«Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Атап айтқанда, кейбір әріптестеріміздің жасы 65-тен асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, оларға жалпы отырысқа қатыспау туралы кеңес бердік», - деді.

Осыған орай мәжілістегі жасы 65-тен асқан «халық қалаулылары кімдер екен?» деп тізімін жасап көрдік.

Қазіргі мәжіліс депутаттары 2016 жылғы 20 наурызда сайланған. Сайлауға қатысқан алты партияның үшеуінен өкілдер сайлаушылардың даусына «ие» болып, Мәжіліс құрамына кірген.  Ол үш партия: «Нұр Отан» партиясы (82,20%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (7,18 %) және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (7,14 %).

«Нұр Отан» партиясынан Парламент Мәжілісінде 84, «Ақ жол» партиясынан 7, Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан 7 депутат қызмет етеді. 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған. Мәжілісте жалпы 107 депутат бар. Осылардың ішінде жасы 65-тен асып, енді жұмысқа шықпайтын депутаттар тізімін Мәлім сайты жасап көріп еді.

  1. Әбдірахманов  Сауытбек
  2. КОСАРЕВ Владислав Борисович
  3. БАЗАРБАЕВ Асқар Ермырзаұлы
  4. БАЙМАХАНОВА Галина Александровна
  5. ДҮЙСЕБАЕВ Жексенбай Қартабайұлы
  6. ЖАҚЫПОВ Қабиболла Қабенұлы
  7. НУРУМОВ Шаймардан Усаинович
  8. НИКИТИНСКАЯ Екатерина Сергеевна
  9. ӨКСІКБАЕВ Омархан Нұртайұлы
  10. ТАСБОЛАТОВ Абай Бөлекбайұлы
  11. ҮМБЕТОВ Серік Әбікенұлы
  12. ЧИРКОВ Михаил Владимирович
  13. ІЗМҰХАМБЕТОВ Бақтықожа Салахатдинұлы
  14. Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы
  15. СЫЗДЫҚОВ Тұрғын Ысқақұлы
  16. БЕКТҰРҒАНОВ Ерсұлтан Өтеғұлұлы
  17. БОЖКО Владимир Карпович
  18. ЕРТАЕВ Бақытжан
  19. ЖАРАСОВ Жанат Абдоллаұлы
  20. ЖЫЛҚЫШИЕВ Байділдә
  21. ҚАРАҚҰСОВА Гүлжан Жанпейісқызы
  22. МУРАДОВ Ахмет Сейдарахманович