Азаматтық қоғам сұранысынан туған заң

Malim Админ

  • 26.03.2020

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлады.

Бұл заң жобасын әзірлеу жайлы президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған болатын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген заң жобасын министр Дәурен АБАЕВ мәжілісмендерге ұсынды. Ведомства басшысының айтуынша, «Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу тәртібі туралы» заңның қабылданғанына жиырма бес жылда асқан. Сондай-ақ, қазір азаматтық қоғам дами түскен.

«Соңғы жылдары елімізде көп нәрсе өзгерді. Қоғамның қашан өзгеріп отыруы заңдылық. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық салада да үлкен өзгерістер орын алды. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына жолдауында экономикалық реформалардың қоғамдық-саяси өзгеріссіз жүзеге аспайтынын атап өткен еді. Бұл заң азаматтық қоғам мен уақыттың талабына сәйкес қайта әзірленді», - деді министр Дәурен Абаев.

Жалпы, бұл заң жобасы қоғамдық талқыдан да өткен-ді. Мәселен 2020 жылдың 17 ақпан күні Алматыда өткен жиында белгілі құқыққорғаушы Евгений ЖОВТИС, азаматтық белсенді Әлнұр ИЛЬЯШЕВ және т.б өз пікірлерін білдірген болатын. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы соңғы жылдары баспасөзде де көп талқыланып және құқық қорғаушылар, азаматтық белсенділер, тәуелсіз сарапшылар мен түрлі ҮЕҰ-дың белсенді араласуымен әзірленген заң жобасы. Әрине бұған дейін жер кодексіде осылай қызу талқыланған-ды.

Айтпақшы, заңнама авторлары АҚШ, Франция, Швеция, Ұлыбритания сынды дамыған елдердің митингілерге қатысты заңдарын зерделеген. Және азиядағы Жапония, Сингапур сынды озық елдердің де заңнамаларын мұқият қарап шығыпты.

«Бейбіт шерулер адамдардың өз пікірін айтуға мүмкіндік береді. Ол олардың конституциялық құқығы. Сондай-ақ, мемлекет үшін әрбір азаматының қауіпсіздігі маңызды. Заңда қоғамдық тәртіп, адамдардың денсаулығы, жиынның регламентіне тоқталдық», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Парламент мәжілісінің депутаттары жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Деседе, кейбір тұстары екінші оқылымда пысықталса деген ұсыныстар да айтылып қалып жатты.

«Министрлік, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесе әзірлеген жаңа заң жобасы еститін мемлекет тұжырымдамасына сай келеді. », - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Азаматтық қоғамның талап тілегінен пайда болған бұл заң жобасы бұқарамен диолог орнату үшін құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастауымен пайда болғанын жоғарыда айттық. Ендігі кезек «партиялар туралы» заңға келіп жектені сөзсіз.

Фото: toppress.kz

Бақытжан БЕРІКҰЛЫ

 

 

Байланысты жаналықтар

Бекболат Тілеухан vs феминизм: Депутат бір айдан кейін неге ашуланды?

31.03.2021

Жоқ оппозицияны парламентке қайдан таппақ?

06.05.2020

Сайлауға қанша миллиард кететіні белгілі болды

21.10.2020

Абаев: Билікті сынауға болады

21.05.2021

Екпе егуді міндеттемейді

11.06.2020

Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

20.05.2020
MalimBlocks
Бекболат Тілеухан vs феминизм: Депутат бір айдан кейін неге ашуланды?

Жоқ оппозицияны парламентке қайдан таппақ?

Сайлауға қанша миллиард кететіні белгілі болды

Абаев: Билікті сынауға болады

Екпе егуді міндеттемейді

Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті