Коронавирустан қайтыс болған кісіні бес-ақ адам жерлей алады

  • 31.03.2020
  • Қанат Тілеухан

Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі жарияланды. Қазақстанның бас санитары Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВАНЫҢ қаулысына сәйкес марқұмның денесі мәйітханаға зерттеуге де, туған-туыстарына да берілмейді екен.

«Жерлеуге дайындық кезінде коронавирустан көз жұмған марқұмның сүйегін жуар алдында оның бетіне вирулицидпен шыланған дымқыл маска қою керек. Сүйекті жерлемей тұрған кезде марқұмның денесіне дезинфекциялайтын сұйықтықтармен шыланған шүберек жауып қою керек», -  делінген бас санитардың қаулысында.

Мұсылмандық ғұрыпқа бойынша  сүйек медициналық мекемелерде жуылады. Оған үш адамнан артық қатыспайды. Сүйекке түсетін кісілер арнайы қорғаныш киімін киіп, дезинфекциялайтын сұйықтықты пайдаланады. Полиэтилен пленкаға сосын қалың матамен орайды.

Сондай-ақ, марқұмды қабір басына металл және ағаш табытпен апару керек. Туыстары табыттан үш метр жерде тұрады. Жерлеуге қауіпсіздік үшін бес-ақ адам қатыса алады. Ол жерде санитарлы-эпидемиологиялық қызмет өкілдері болады. Топырық салған адамдар 14 күн дәрігерлердің қадағалауында болады екен.

Елімізде бүгін тағы бір адам Covid-19 дертінен көз жұмған. Ресми мәліметке сәйкес 336 адам жұқтырған. 22 адам жазылып шыққан.

Фото: thesun.co.uk

Байланысты жаналықтар

Еріктілер дәрігерлердің балаларына тегін тіл үйретеді

10.07.2020

Волонтерлік қанымызда бар қасиет

23.04.2020

Карантин режимін бұзғандарды "Сергек" арқылы ұстамақ

30.03.2020

Іледегі іргелі істер

14.12.2020

Саудагерлердің табысы 70 пайызға түсіп кетті

04.09.2020

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

08.05.2020