Бір айда үш облыста үшемдер дүниеге келді

Malim Админ

  • 30.03.2020

«Бір қозы туса бір жусан артық өседі» дейтін қазақы таным әр туған баланы өз ырызғы-несібесі бар екенін айтады. Тәуелсіздік алғалы бері адам саны 20 жыл бойы өспей, бір орында тұрып қалғандай көрінген Қазақстан халқының саны тәуелсіздіктің соңы 10 жылдығында ғана өсе бастады. Оның басты себебі – көші-қонға байланысты. Әрине, сырттан келген қандастар да аз болған жоқ, дегенмен, көп ұлтты Қазақстаннан өз отандарын іздеп кетушілер көбірек болып шықты. Осының есебінен алғашқы 10 жылда әжептәуір азайып кеткен халық саны екінші 10 жылдықта 1990 жылғы көрсеткішке әрең жетіпті. 2011 жыл – Қазақстан халқының санының бұрынғы көрсеткіштен асқан алғашқы жылы.

Міне, осындай жағдайда тұрғанда, әр туған бала ерекше қуаныш. 17 миллионыншы қазақстандық, 18 миллионыншы қазақстандық дүниеге келгенде бүкіл Қазақ даласы сүйінші сұраған. Одан кейін де сол туған балалардың туған күндері де елеусіз қалмайды. 1 жасқа келді, екі жастан асты, мектепке барғалы жатыр...

Халық саны туралы сөз болғанда елді ерекше қуантатын егіздер мен үшемдер. Кейде төрт баланы қатарынан өмірге әкелген аналар жайлы да естуге болады. Әлбетте, егіз туу көрсеткіші көз үйренген, құлақ үйренген жағдай. Ал, үшемдер – үлкен қуаныш. Сол себепті де үшемдердің ата-аналары ғана емес, бүкіл ел қуанады. Дәрігерлер де мұндай жағдайда балалар мен аналарының жағдайын қатаң бақылауда ұстайды. Өйткені, бұл әдеттен тыс жағдай. Көбіне, әлсіз туып жатады. Сондықтан, дүниеге келген үшемдер апталап, айлап ауруханада жатып, дәрігерлердің қарауында болады.

Наурыздың алғашқы сүйіншілі хабарын Қостанай облысы сұрады. ЭКО арқылы жүкті болған Марина Антуфьева бұл балаларды 8 жыл бойы күткендерін айтады. Антуфьевтер отбасы сөйтіп бір сәтте Валера, Алёша және Лиза атты үш баланың ата-анасы атанып шыға келді.

Бұдан кейінгі қуанышты жағдай – Алматы облысында тіркелді. Айдың басында дүниеге келген үшем 11 наурыздан бері Алматы қаласындағы көпсалалы ауруханада жатыр. 31 жастағы Ләззат Қаланова мен сәбилердің жағдайлары қалыпты, алдағы уақытта үйге шығармақ. Карантинге байланысты облыста (Қарасай ауданы, Қарғалы ауылы) тұратын отбасының бұл қуанышына жауапты адамдар аз емес. Сол себепті, ылғи да бақылауда болуға тиіс дейді.

Үшінші үшем Петропавл облысында дүниеге келді. Бұл облыста  7 жылдан бері тіркеліп оытрған алғашқы жағдай. Халық саны жылдан жылға азайып бара жатқан облыс үшін бұл үшем жақсылықтың хабаршысы деп есептеуге болады.

Алматы қаласында 29 ақпанда дүние есігін ашқан Ғалымжан, Рахымжан, Мейіржан атты үшемдер бір айдан кейін үйлеріне шықты.

Бас-аяғы бір айдың айналасында өмірге келген үшемдердің жағдайы жақсы екені, күн сайын өсіп жатқаны қуантады. Мұндай сүйіншіні 18 миллионнан енді асқан Қазақстан халқы соншалық көп сұрай қояды деу де қиын. Сондықтан, әрбір жағдай – ерекше қуаныш.

Байланысты жаналықтар

Сол жағалау: «Енді маған мектепте орын жоқ»

09.03.2020

Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

11.02.2020

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

18.02.2020

Солтүстікте қоныс аударушыларға 714 үй салынады

24.03.2020

«Партия съезіне полиция жібермей қойды»

21.02.2020

Сондерс: «Жоғал, сары ақымақ!»

02.02.2020
MalimBlocks
Сол жағалау: «Енді маған мектепте орын жоқ»

Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

Солтүстікте қоныс аударушыларға 714 үй салынады

«Партия съезіне полиция жібермей қойды»

Сондерс: «Жоғал, сары ақымақ!»