Түркістан облысында бес немеренің әжесі үшем туды

Түркістан облысында 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем дүниеге әкелді. Бұған дейін ол сегіз баланың анасы болған, - деп хабарлайды OTYRAR.KZ басылымы.
Дәрігерлердің айтуынша, босану жоспарлы түрде, кесарь тілігі арқылы өткен. Жаңа туған Аслан, Әлихан және Әлінұрдың, сондай-ақ, ананың жағдайы тұрақты. Барлығы үйіне жіберілді.
Әйел Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылында тұрады.
"Әрине, оңай болған жоқ, әсіресе менің жасымда. Бірақ сәбилерімді көрген сәтте барлық қорқынышым кетті. Ең бастысы - бәрі аман-есен", -
деді Орынкүл Нурабаева.
Осылайша көпбалалы отбасында енді 11 бала бар. Үлкен қызының жасы – 26-да, ал кішісі – төртте. Бұдан бөлек, Орынкүл Нұрабаеваның бес немересі бар.

Ең көп оқылған
