Алып сәбилер дәрігерлерді алаңдатып отыр

Қарағандыда жыл басынан бері осындай 59 бала туған.

Malim Админ

  • 29.08.2024

Қарағандының перзентханасында алып үшем туды. Біреуінің салмағы 5,5 келі, қалған екеуі де соған таяу.

Бірақ дәрігерлер алып балалардың көбеюіне алаңдап отыр. Олардың айтуынша, бұл аса жақсы емес жағдай. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Үшемнің алып болып туылатыны бір ай бұрын белгілі болған, сондықтан әйел жоспарлы отаға жатқызылды. Ота сәтті өтіп, кесер тілігі арқылы аман-есен босанды. Қарағандыда жыл басынан бері осындай 59 бала туған. Оның ішінде он баланың салмағы 5,5 келіге жуықтаған. Мамандар мұны өте ауыр салмақ дейді. Мұндай жағдай нәрестенің де, анасының да денсаулығына қауіпті. Сондықтан дәрігерлер әйелдерге жүктілікке ерте дайындалып, ағзадағы қант деңгейін тексеруге кеңес береді. Тамақты, түрлі фастфудты көп жеу мен аз қимыл-қозғалыс та іштегі баланың тез өсуіне әсер етеді екен.

— Тәтті нан жейді. Қимыл-қозғалысы аз. Көп серуендеу керек. 5 келіден асатын болса, онда шешімді консилиуммен қабылдаймыз, кесер тілігін жасау керек, ананың да, баланың да жарақатын төмендету үшін, – деді Қарағанды облысы клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығының меңгерушісі Жарқын Нүркеева.

 

Фото: yamal-media.ru

Байланысты жаналықтар

«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

15.11.2024

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

09.11.2024

Қарағандылық полицейлер ұрланған жылқылардың үстінен түсті (ВИДЕО)

03.11.2024

Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

03.11.2024

Қарағандыда лифтілердің жарамдылық мерзімі екі есе асып кеткен

02.11.2024

Ақтөбеде үшем өмірге келді

31.10.2024
MalimBlocks
«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

Тұрсынбаева осы жолы қатты ауырып жатқанын атап өтті

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Оларға жарақат пен термиялық күйіктер диагнозы қойылған

Қарағандылық полицейлер ұрланған жылқылардың үстінен түсті (ВИДЕО)

Күдіктілер 40 бас жылқыны сатуға апара жатқан беті екен

Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

Оқиға пойыздар қозғалысына әсер етпеген

Қарағандыда лифтілердің жарамдылық мерзімі екі есе асып кеткен

Мамандар оларды пайдалану қауіпті екенін ескертті

Ақтөбеде үшем өмірге келді

Үшемдердің анасы 32 жаста. Бұған дейін 4 құрсақ көтерген