Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Отбасы мүшелері үшемдерге Хасан, Фатима, Хусан деп есім берді

Malim Админ

  • 28.10.2024

№ 2 Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Сайрам ауданы Ақсу елді мекеніндегі Эгамбердиевтер отбасы бірден үш перзентпен толықты. 


27 жастағы Назима Эгамбердиева екі ұлынан кейін 2 ұл мен 1 қыз босанды. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйлеріне шықты. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін жеткізді. 

Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 34 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 430 грамм болса, екіншісі – 2 келі 490 гр, ал, үшіншісі 1 келі 730 грам болды. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы мүшелері үшемдерге Хасан, Фатима, Хусан деп есім берді. 

Дәрігерлердің айтуынша үшемдер туылған кезде аппаратта болған. Оларды алғашқы күндері «жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер» бөлімшесінде бақылаған. 

«Тексеру, емдеу, күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы, медицина қызметкерлерінің көмектерінен соң үшемдер жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр», - дейді перинаталдық орталық мамандары. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Астанада баласын вокзалға тастап кеткен әйел табылды

13.01.2025

Павлодарда сауда, ойын-сауық орталығында 4 жасар бала биіктен құлады

13.01.2025

Ақтауда пәтерде өрт шығып, 8 бала құтқарылды

13.01.2025

Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, екі бала көз жұмды

09.01.2025

«Әнші болса екен». Алтынай Жорабаева қызды болатынын күйеуі қалай қабылдағанын айтты

06.01.2025

Алимент қарызы бар адам 2 млн теңгесін ұтысқа салып жіберген

31.12.2024
MalimBlocks
Астанада баласын вокзалға тастап кеткен әйел табылды

Павлодарда сауда, ойын-сауық орталығында 4 жасар бала биіктен құлады

Ақтауда пәтерде өрт шығып, 8 бала құтқарылды

Жалпы 42 адам эвакуацияланған

Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, екі бала көз жұмды

Тағы екеуі уланып, ауруханаға жеткізілген

«Әнші болса екен». Алтынай Жорабаева қызды болатынын күйеуі қалай қабылдағанын айтты

Өнер иесі жолдасы туралы қызықты жайтты есіне алды.

Алимент қарызы бар адам 2 млн теңгесін ұтысқа салып жіберген

Биыл елімізде 135 алимент төлеуші жауапқа тартылған