Министр: «Биыл бір қаладан асатын үй салынады»

Malim Админ

  • 24.03.2020

Тұрғын үй саясатын жылдан жылға дамытып, азаматтарды баспанамен қамту туралы ескісі бар, жаңасы бар, бастамалар көп-ақ. Әрине, оның нәтижесі де жоқ емес. Мәселен, биыл салынатын үйлердің көлемі кейбір оратылық қалалардағы үйлерден де көп болып шығыпты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Оның айтуынша биыл елімізде 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда артық екен.

«Тұрғын үй құрылысы саласында көлемді арттыру жоспарланған. Өткен жылмен салыстырғанда 2 млн шаршы метр баспана артық пайдалануға берілетін болады. Барлығы 15 млн шаршы метр салынады. Бұл Петропавл немесе Қызылорда сынды қаланың тұрғын үй қорынан көп. Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың қазақстандық жұмыс істейді. Біз жұмыс орындарын тек сақтап қоймай оны 15 мыңға көбейтеміз», - деді министр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі биылғы Қазақстан бойынша пайдалануға берілетін үйлердің жалпы көлемі кейбір қалалардағы үйлер көлемінен артық екенін айтып, бірнеше қаланы атады. Петропавл, Қызылорда, Қарағанды...

"Негізі, биылғы жоспар Қарағанды сияқты бір қалада салынған үйлерден де көп болып тұр. Білуімше, Қарағандыда 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй бар. Бұл дегеніміз, мемлекет 2020 жылы тұтас бір қаладан да асатын үйлер салып шығады", - деді Абаев.

Министр, сондай-ақ, қазіргі елдегі және әлемдегі қиын жағдайға қарамастан жол құрылысына қатысты жобалар да толық көлемде жүзеге асатынын хабарлады.Талдықорған-Өскемен жолығ Қарағанды-Балқаш-Қапшағай, Қалбатау-Майқапшағай, Мерке-Бурылбайтал жолдарынжағы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп, 200 мыңға жуық адам жұмысқа тартылмақ.

Байланысты жаналықтар

Тышқан - ханша (француз ертегісі)

01.04.2020

Дариғаның өкілеттігін тоқтатуға құдасы да қол көтерді

04.05.2020

Stop Nazarbayev system: Алматыда белсенділер «Нұр Отанға» барды

05.03.2020

Өсек

16.04.2020

Бір Әбдіқалықова келді, бір Әбдіқалықова кетті

07.05.2020

Ақыл аға

13.02.2020
MalimBlocks
Тышқан - ханша (француз ертегісі)

Дариғаның өкілеттігін тоқтатуға құдасы да қол көтерді

Stop Nazarbayev system: Алматыда белсенділер «Нұр Отанға» барды

Өсек

Бір Әбдіқалықова келді, бір Әбдіқалықова кетті

Ақыл аға