Ақтөбеде тұрғын үй газ жарылып, бір адам қаза болды

Оқиға бүгін бес қабатты тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Malim.kz Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Актөбе облысының ТЖД-ның 112 пультіне Абай даңғылы бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соның салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен облыстық ТЖД құтқарушыларының анықтауынша, жарылыс салдарынан шамамен 40 шаршы метр аумақта ашық жалын тұтанған. Сондай-ақ, 3 пен 4-қабат арасындағы аралық құрылымдардың ішінара құлағаны тіркелді. Өрт толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілердің күшімен 73 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тапты, - дейді облыстық ТЖД.
Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жұмыс жүргізіп жатыр. Апаттық-құтқару жұмыстары мен үйінділерді талдау жалғасуда. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Фото: aktobe_live

Ең көп оқылған
