Маска: Дәрігерлер тігеді, Сапарбаев суретке түседі

Алмас НҮСІП

  • 08.04.2020

Бүгін түнде толықтай карантинге жабылмақ Жамбыл облысында дәрігерлер мен коронавирус жұқтырған науқастарға маска мен костюм жетіспейді екен. Тіпті, дәрігерлерді масканы қолмен тігеуге мәжбүрлепті.  Екі үлкен мегаполисте карантин енді басталып жатқанда маска сатып алып, суретке түсіп, атаққа шыққан Бердібек САПАРБАЕВ басқаратын облысқа жараспайтын-ақ жайт.

Мерке аудандық ауруханасының дәрігері Толқынай ОРДАБАЕВА Facebook-та аудандық ауруханадағы біраз былықтың бар екенін айтып, пост жазды. Артынша, екі сағат өткенде Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ арнайы тапсырма беріп, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ пен Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысы Людмила БҰЙРАБЕКОВАҒА Ордабаеваның ашық шағымын тексеруді тапсырды.

Министр тікелей қадағалайтынын айтқаннан кейін жарты сағат өткенде барып Жұманқұлов әлеуметтік желіде Ордабаеваның жазбасына орай мәлімдеме жасады. Әрине, бар сөзін жоққа шығара келіп, облыстағы жалпы жағдай мен Меркі аудандық ауруханасындағы жағдайдың бәрі қалыпты екенін, маскалар мен костюмдердің жеткілікті екенін айтты.

Жұманқұловтың айтуынша 2 оклад бойынша (1,75+0,25) жұмыс істеп жүрген Ордабаева 3 сәуір күні қызуы көтерілгенін айтып, қаралған. Бұдан кейін лабороториялық анализдер (Тізбекті полимеразды реакция - ТПР) алынып, короновирус анықталған. Эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, байланыста болған 5 адам анықталып, анализ алынған.

Жалпы, Ордабаеваның шағымында аудандық аурухана дәрігерлерін масканы өздері тігуге, қайтара пайдалануға мәжбүрлегені, қорғаныш заттары мен маска таратылмайтыны, науқаспен байланыста болғандардың жеткілікті түрде тексермейтіні айтылған. Оның айтуынша, «облыста ТПР тест жоқ, байланыста болғандарға ретестілеу жасалмайды. Жамбыл облысы медқызметкерлердің жұқтырғанын жасырып отыр».

Жұманқұлов бұл мәлімдемеге орай былай дейді:

«Бүгінгі күні аудандық аурухана қызметкерлері жеке қорғаныс үшін керекті құралдармен толықтай қамтамасыз етілген. Қолда 1000-нан аса бірреттік маска, 1600 көпреттік маска, бірреттік костюм саны – 1200, дезинфекциялық заттар – 40 мың «Диахлор» таблеткалары, 15 литр антисептик бар. Ағымдағы жылы аурухана 3 миллион 468 мың теңгеге ЖҚҚ мен дезқұрылғы сатып алды. Қосымша 6 миллион теңгеге сатып алу жоспарланып отыр», дейді.

Шағымданушы дәрігерге мүлде кереғар ақпарат берген облыстың бас дәрігері сөзінің соңына қарай осы аурухананың 20 дәрігеріне (ішінде Ордабаева да бар!) сыйақы тағайындалмақ екенін айтыпты. Не айтқысы келгенін түсіну қиын...

Жұманқұлов келтірген мәліметке қарағанда коронавируспен күреске облыс бойынша республикалық бюджеттен 576 млн, облыстық бюджеттен 281 млн теңге бөлінген. 4,1 мың бірреттік костюм мен 276 мың маска бар, 17,8 мың респиратор, 4,8 мың литр жезқұрылғы мен антисептик бар. «Тағы басқа қаншама препараттар мен қажетті заттар» жеткілікті көрінеді.

Жергілікті шенеуніктер әкімдеріне еліктеп, маскамен суретке түсіп жүріп азайтып алмаса, дәрігерлердің масканы өзі тігіп, қайтара пайдаланатын жөні жоқ сияқты...

Соңғы мәліметке бойынша облыста 45 короновирус жұқтырған науқас анықталған. Қазақстан бойынша 704 жағдай тіркеліп, 7 науқас қайтыс болды.

Коллаж: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

09.04.2022

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

07.04.2022

Сапарбаев та кетті

07.04.2022
MalimBlocks
Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

Олар Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді.

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

Бердібек Сапарбаев - Назарбаев дәуірінде қалыптасқан, әкім болудан рекорд жасаған шенеунік. Қазір зейнет жасында. Бүгін Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Бірақ, ол құрған отбасылық династия рекордсмен әкімнің орнын жоқтатпайтын сияқты...

Сапарбаев та кетті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.