«42 500 алуға қайтыс болғандар да өтініш беріп жатыр»

  • 13.04.2020
  • Malim Админ

Төтенше жағдайға байланысты табысынан айрылған азаматтарға тағайындалған 42 500 теңгені алуға өтініш бергендердің арасында қайтыс болғандар да бар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ онлайн брифингте айтты.

Әр сөзін ерекше тәптіштей айтатын министр төлемдерді кешіктіріп жатқаны үшін кешірім сұрағанмен, өте ұстамды түрде өтініш берген 4,9 млн адамға аздап өкпесін де айтып алды. Өйткені, өтініш берушілер біреудің есеп-шотын; жабылып қалған «Наурыз» банктің есеп-шотын» көрсетеді; өтінішін жібергенмен талап етілген бірыңғай жиынтық төлемді жасамайды; тұрақты табысы бар, жұмысы жүріп тұрғандардар; «керек болып қалар деп ЖК (ИП) ашып қойғандардар» да өтініш тастап жатыр, т.б. Олардың саны 1,5 миллионға жетіпті. Осының салдарынан 42 500 теңге кейбір азаматтарға түіп үлгере алмай жатыр. Жұмысқа кедергі болып жатқан осындай жағдайлардың ішінде министр бір проблемаға ерекше тоқталды.

«Өкінішке орай деп айтамыз 42 500 теңге алуға қайтыс болған кісілердің атынан да өтініш беріп жатыр. Және шетелге көшіп кеткен, азаматтығынан айрылған азаматтардың атынан да  өтініш келуде. Бұл жағдайға қатысты 378 адамның атына осындай өтініштер тіркелді», деді министр.

Бірақ, ондай адамдар қандай да бір заңдық жауапкершілікке тартыла ма, тексерулер бола ма деген мәселені айтпады.

1 779 мың адамға тағайындалды. 75 600 млн теңге бөлінді. Министр ерекше ескерткен мәселе – 42 500 теңге толықтай түседі, одан ешқандай комиссия ұсталмайды.

Министр төтенше жағдайға байланысты төленетін жәрдемақыны беру кезінде студенттерге, декретте отырған әйелдерге, «тіршілік жасап жүрген», бірақ салық төлемеген адамдар да алуға болатынын айтты. Мұндай жағдайда «сіздердің сөздеріңізге сенеміз» деген министр, басы артық тексеру болмайтынын да айтты.

Байланысты жаналықтар

Аймағамбетовке дейінгілер ай қарап келген бе?

17.02.2020

Саданов: «Дулат Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болған»

25.02.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді

03.04.2020

Баталов ашып тастаған орталыққа Әбдірайымов тендер жариялады

21.07.2020

Митинг заңы: Тоқаев уәдесінде тұра ма?

13.02.2020

Ерекше бала қоғамды төзімділікке, мейірімге тәрбиелейді

05.04.2021