Болат Назарбаев: Сана сезімдері сондай болса, не істейін?!.

  • 16.04.2020
  • Malim Админ

Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ інісі Болат НАЗАРБАЕВ әлеуметтік желіде өзі жайлы жазбаларды оқиды екен. Және мүлдем ренжімейтінін айтады.

Сондай-ақ, сұхбатта той туралы да әңгіме айтылған. Ғаламторда өзінің түрлі тойлары арқылы танылған Болат ӘБІШҰЛЫ «тойларда көңіл-күйім болмаса да жұрт үшін күліп отыруға тура келеді» дейді.

–Тойға бәріміз барамыз ғой. Жұрт суретке түсейікші деген соң түсіп аламыз. Ертеңінде инстаграмнан шыға келеміз. Астында неше түрлі сөз кетеді.

Оқисыз ба? 

–Барлығын оқымаймын. Елден естимін. Бір жастармен суретке түссең болды. Бірден үйленді, осыны алады деп шыға келеді. Өздері білмейді менің басқа тойда жүргенімді. Соған таңқалым. Дәлелесіз айта береді.

Өкпелемейсіз бе?

Енді оған не істейсің? Айта берген соң құлағың үйреніп кетеді екен. Отыра берем. Кей кезде өзім жайлы жазбаларды көрмей қалсам мені ұмытып кетті ғой деп ойлаймын.

–Өзімде жоқ фотолар мен видеолар желіде жарияланады деп айтқаныңыз бар. Тойларда билген видеоларыңызда тарап кеткен ғой. 

–Тойда үндемей отырсаң. Өзгелер де үнсіз қалады. Өзімнің көңіл күйім болмаса да солардың көңілдері көтерілсін деп ойлайсың. Тымпиып отырсаң бәрі сөйлемей қояды. Сосын көңіл-күйі болмаса да күліп отырасың. Халқым енді жаза береді ғой. Жазбаңдар деп бәріне қалай айтамын енді. Өздері біледі. Алла көріп тұр ғой. Өз жазғандарын өздері кейін түсінер. Оларға ренжімеймін. Өздерінің сана-сезімдері сондай болса не істеймін? Алла тағала елімізге тыныштық, елбасына денсаулық берсін. Халқыма зор денсаулық пен бақыт тілеймін.

Болат Назарбаевтың сұхбатын әдеттегідей AINA TV ютуб каналына жарияланған. Сұхбатты Болат ӘБІШҰЛЫНЫҢ тойларын жүргізген асаба, журналист Гүлмира НӘЛІБАЙ алған.

Оқи отырыңыз:  «Ағама ауыртпалық түсіргенім жоқ»

Болат ӘБІШҰЛЫ Алматы облысының құрметті азаматы. 1953 жылы дүниеге келген. .wikipedia-ғы мәліметтерге сүйенсек ұлы Нұрбол НАЗАРБАЕВ Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары. Қызы Гүлмира НАЗАРБАЕВА Қарасай аудандық сотының төрайымы.

Фотолар ашық интернет көздерінен алынды.

Байланысты жаналықтар

Головкин GGG сусыны шығатын зауытқа барды

22.05.2021

Елдос Сметов: Мақсатым алтын еді, қолымнан келгенін жасадым

24.07.2021

Мәмидің күйеу баласы елші болды

30.09.2020

Байден Ресейге санкция салды. Бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

15.04.2021

"Қазақстан полициясы жендет сияқты"

23.06.2020

«Конвеллдің атақ-даңқынан үркіп отырған жоқпын»

11.03.2020