Болат Назарбаевтың «Адам жегіші» 15 жылға сотталды

Қылмыстық топтың мұшелері делінген 11 адам сотқа тартылды.

Аялдар Күнтуған

  • 28.01.2025

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Марқұм Болат Назарбаевтың жақын серігі, «адам жегіш» лақап атымен танымал Елдос Қоспаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.

Ағайынды Елдос, Айдос, Айбек Қоспаевтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС сияқты ірі бизнестерді тартып алған деген күдікке ілінген болатын. Сот осы іске қатысты тергеуді аяқтап, Алматыдағы Айдос Қоспаевқа тиесілі «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлкіне тыйым салған еді.

Кейін Қаржы мониторинг агенттігі бірнеше үлкен бизнесті тартып алған ағайынды Қоспаевтарға қатысты тағы бір қылмысты анықтағаны айтылған.

Қазақстанда компанияларды рейдерлік жолмен тартып алумен айналысқан Қоспаев басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 11 адам болған. Қылмыстық топтың мүшелері алғаш рет өткен жылдың шілде айында ұсталғаны белгілі болды. Олар Алматы, Алматы облысы және тағы үш аймақта әрекет еткен. Рейдерлер көлеңкелі бизнесті белсенді жүргізіп, одан түскен табыстарды заңдастыру мақсатында қымбат жылжымайтын мүлік пен автокөліктер сатып алған.

Фото: ҚМА

 

Байланысты жаналықтар

Құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды

30.03.2025

Қылмыстық топқа мүше болған 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылып жатыр

28.02.2025

Араларында 17 жастағы қыз болған: Талғарда қылмыстық топ ұсталды

13.02.2025

Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

22.01.2025

Шетелдіктердің заңсыз көші-қонын ұйымдастырған үш топ ұсталды

16.01.2025

Полиция вебкам арқылы ақша тапқан «модель» қыздарды ұстады

14.01.2025
MalimBlocks
Құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды

Павлодар облысында құрамында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері болған қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топқа мүше болған 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылып жатыр

Араларында 17 жастағы қыз болған: Талғарда қылмыстық топ ұсталды

Еліміздің 10 өңірінде түрмелерге ықпал жасайтын қылмыстық топтар ұсталды

Барлығы 118 күдікті қолға түскен

Шетелдіктердің заңсыз көші-қонын ұйымдастырған үш топ ұсталды

Барлық дерек бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр

Полиция вебкам арқылы ақша тапқан «модель» қыздарды ұстады