Арман Шураев қамалды

  • 18.04.2020
  • Malim Админ

Кәсіпкер,  қоғам қайраткері, президент жанындағы ұлттық қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі Арман Шураев "төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.

"А.Шураев әлеуметтік желіде шындыққа келмейтін көрінеу жалған ақпаратты бірнеше мәрте таратты. Шураев сол әрекеті арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу және төтенше жағдай кезінде қоғам мен мемлекет мүддесіне зиян келтіру қаупін туғызды. Ол қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша қамау абақтасына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Осыдан бір күн азаматтық белсенді Әлнұр Ілияшев те дәл осындай айып бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған болатын.

Фото: camonitor.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Министр мен депутат: қайсысының сөзі шын?

16.09.2020

Nur Otan: Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

22.12.2020

«Путин мен Тоқаевтың үнсіздігін түсінбедім»

19.08.2020

Құдайбергенов жаңа қызметке кірісті

25.09.2020

Путиннің БТР-лары және Навальныйды қолдаушылар

23.01.2021

"Тұлпар мініп, казино ойнаған" генерал жаңа қызметке тағайындалды

06.04.2021