Карантинге қарсы митингке шықты

Malim Админ

  • 20.04.2020

Карантинді тоқтатып, қалыпты өмірге оралайық деген митингтер шеруі өтті. Бұндай акциялар, әрине, АҚШ-та ған өтуі мүмкін. Бұл туралы Fox News телеарнасы хабарлады. Ұйымдасқан акция Кентукки, Мэриленд, Мичиган, Огайо, Техас штаттарында өткен.

Телеарнаның хабарлауынша, акцияға негізінен Дональд Трамптың электораты қатысқан. Олар «Американы қайта ұлы елге айналдыр» деген жазуы бар қызыл бас киім киіп жүрген.

Бұған дейін Трамптың карантин режимін кезең бойынша тоқтатып, экономиканы ақырындап «ашу» туралы жоспары жария болыпты. Жоспар үш кезеңнен тұрған. Штаттар мен  муниципалитеттер коронавирустың анықталуы төмендеген жағдай екі аптаға жеткенде карантиннен шығуына болады деп көрсетілген.

Вашингтон штатында да 2,5 мың адам алаңға шығып, карантин кезінде үйден шықпауға қарсы митинг өткізген.  Ал акцияны заңшыл-республикашылар ұйымдастырған. Республикалық партияның мүшесі Роберт Сазерлэнд жиылғандарға: «Егер әуесқой балықшыларға балық аулауды тыйса, көтеріліске шығайық», – деп айтқан. Бұл хабарды Seattle Times газеті таратты.

Вашингтон штатында карантин 4 мамырға дейін белгіленген, бірақ ұзартылуы да мүмкін. Қазір бұл аймақты 12 мың адамнан коронавирус анықталған.

Бұл митинг Вашингтон штатының губернаторы Джей Инзлидің қаулысын бұзу боп есептеліпті. «Мен сөз бостандығын қолдаймын. Бұл жерде мәселе саясатта емес. Қазірге уақытта тұрғындардың жағдайын қалай жақсартамыз деген сөз ғана болу керек», – деп мәлімдеген губернатор.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне қарағанда АҚШ-та бұл індеттен 40,6 мың адам қайтыс болған. Ал анықталғандардың саны – 759 мың адам. 70 мың адам жазылып шыққан.

Байланысты жаналықтар

Аймағамбетов не дейді, Қаринова не дейді?

02.04.2020

Ресей сенаторы: «АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ»

01.02.2021

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

26.03.2021

Біртановтың "Б" жоспары күл-талқан болды

21.06.2020

Қызылордалықтар блок-бекетке наразылыққа шықты

12.05.2020

Көмек күтпеңіздер: Сағынтаев бар ақшаны жұмсап жіберіпті

27.05.2020
MalimBlocks
Аймағамбетов не дейді, Қаринова не дейді?

Ресей сенаторы: «АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ»

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Біртановтың "Б" жоспары күл-талқан болды

Қызылордалықтар блок-бекетке наразылыққа шықты

Көмек күтпеңіздер: Сағынтаев бар ақшаны жұмсап жіберіпті