Үш пайыз эротика және 42 500 теңге

  • 22.04.2020
  • Malim Админ

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері интернеттен торрент жүктеушілер саны көбейді. Торрент жүктейтін сайттар елде бұғаттаулы болғанына қарамастан, бұғаттауды айналып өтіп, торрент қолданатын қазақстандықтар көбіне-көп шетелдік фильмдер көріп, ойын ойнайды екен. Бірақ торрент арқылы порно фильмдерді көретіндер де бар болып шықты.

16 наурыз

Торрент трафикті бақылайтын iknowwhatyoudownload.com сайтының мәліметіне қарағанда, елімізде төтенше жағдай жарияланған 16 наурыз күні торренттерді қолданушылар көп болмаған. Желідегі BitTorrent статистикасына сүйенсек, бұл уақытта елдегі миллион тұрғыннан 14 458 адам ғана күн сайын торрент жүктеп отырған. Бұл интернетті қолданушылардың небәрі 1,98 пайызы. Торрент қолданушылардың 55 пайызы шетелдік фильмдерді көрген. Ең көп қаралған топ 12 фильмнің көш басында "Звездные войны", "Ёж соник", "Джуманди", "Джокер", "Малафисента: Владычица тьмы" тәрізді американдық фильмдермен қатар ресейлік "Холоп" фильмі тұрды.  Ал ең көп қаралған сериалдарға келсек, 1-орында ресейлік "Невский", 2-орында Ұлыбритания мен АҚШ бірігіп түсірген "Тақтар таласы", 3-орында "Ведьмак" тұр. Торрентті қолданушылар сондай-ақ АҚШ пен Ұлыбритания бірге түсірген "Чернобыль" сериалын да іздеп жүріп қараған. Бірақ онан кейінгі орындарда негізінен ресейлік сериалдар тұр. Олар: түрмеге қамалатын психолог пен қайын атасынан бала табатын әйел жайлы түсірілген Trigger, ауқатты еркектердің арқасында күн көретін "Содержанки", ресейлік ТНТ арнасының "Война семей" және "Супер" арнасының "Гранд" және "Фитнес" сериалдары. 16 наурыз күні торрент қолданушылардың 25 пайызы ойын ойнаса, 13 пайызы компьютерге арналған пират бағдарламаларын жүктеген. Қолданушылардың 4 пайызы американдық реппер Tyler, украниналық хиттер мен шансон тыңдаған, қалған 3 пайызы порно фильмдер көрген.

 

Бас қала карантинге жабылған 28 наурыз күні миллион тұрғыннан торрентті жүктеушілер саны 16 155-ке жетті. Ал Алматы карантинге жабылған 30 наурыз күні торрентті миллионнан  17841 адам жүктеген.

20 сәуір

Ал 20 сәуір күні торрентті жүктеушілер саны артып, миллион тұрғыннан 18078 адамға жеткен. Ал бұл интернет қолданушылардың 2,48 пайызы. Торрентті қолданушылардың 56 пайызы басты рөлде Уилл Смит ойнайтын "Плохие парни" боевигін, режиссер Гай Ричидің "Джентельмені" фильмі мен АҚШ, Жапония мен Канада бірлесіп түсірген "Ёж Соник" фантастикалық комедиясы сияқты фильмдерді көрген.  Сондай-ақ 16 наурызбен салыстырғанда торрент арқылы тамашалайтын сериалдар тізімі сәл өзгерген. Бұл жолы бірінші орынға американдық Wolf Trap қылмыс драмасы шыққан. "Тақтар таласы" , Westworld, The Witcher, Peaky Blunders та ең танымал сериалдардың қатарында. Қазақстандықтар "Чернобыль" мен "Викингтер" сериалдарымен қатар ресейліктер түсірген "Гранд", "Полицейский с Рублевки", "Патриот" тәрізді сериалдарды іздеп жүріп қараған.

Соңғы деректерге қарағанда, торрент қолданушылардың 26 пайызы ойындар ойнаса, 12 пайызы компьютерге арналған бағдарламалар жүктеген. Поп және рэп музыканы 3 пайыз тыңдаған. Қызығы, порно көретіндердің статистикасы өзгермеген.  Қолданушылардың 3 пайызы көбіне-көп шетелдік порно фильмдерді ғана емес, ресейлік порноны да көретін болып шықты.

Торрент деген не?

Торрент авторлық құқықты айналып өтіп, фильмдер, ойындар мен бағдарламаларды жүктеуге мүмкіндік беретін файлдар. Көптеген елдерде авторлық құқықпен қорғалған контентті интернеттен жүктеп алуға тыйым салынған. Интернет қолданушылардың бұл контентті жүктеу үшін торрент қолданатыны содан. Iknowwhatyoudownload.com 234 ел мен аймақ тұрғындарының торрент трафигін бақылайды.

Қазақстандықтар google-дан не іздейді?

Google Trends мәліметіне қарағанда, қазақстандықтар соңғы айда google-дан ең көп 42500 теңге жайлы іздеген.  Жұрт 42 500 теңге жайлы мағлұматты әртүрлі тіркестер арқылы іздеген. Оның ішінде "42 500", "еңбек 42 500", "еңбек 42 500", "еңбек кз", "42 500 еңбек кз", "42 500 enbek.kz" – ең көп ізделген сөздер.

Ең көп ізделген сұраулардың арасында 16-орында "thank you coronovirus helpers" тіркесі тұр. Қалған ең көп ізделген топ 24 сөздің барлығы негізінен жәрдемақыға қатысты.  "Жәрдемақыны қалай аламын?", "Өтініш статусын қалай тексеремін", "42500enbek.kz сайтына қалай тіркелемін" деген сұрауларды google-ға орыс тілінде қарша боратқан қазақстандықтарда есеп жоқ.
Материалды көшіріп басуға болмайды.

Байланысты жаналықтар

Автомобиль жолдары саласы білікті маманға зәру

30.09.2020

Жастар жұмыспен қамтылуда

17.05.2021

Ахметовтен үміт үзгендер Тоқаевқа хат жолдады

04.05.2021

Құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға жаңа мүмкіндіктер беріледі

08.07.2021

Цой: Балаларға Pfizer вакцинасы тек ата-ананың рұқсатымен, ерікті түрде егіледі

23.07.2021

Денсаумин 12 жастан асқан балаларға вакцина егуді қарастырып жатыр

16.07.2021