Ұлттық қордың ақшасы дұрыс жұмсалып жатыр ма?

  • 22.04.2020
  • Malim Админ

2001 жылы Ұлттық қор құрылған кезде де, одан бертін келе де біздің қоғамда оған қатысты көзқарас әрқалай болды. Әсіресе популизмге салынған шолақ белсенділер ондай қауіпсіздік белбеуінің керегі шамалы, оданша артық ақшаны халыққа үлестіріп берген жөн дегенді алға тартты. Рас, қысқа мерзімде тиісті сома жұртқа кәдімгідей қолғабыс болар еді. Өйтіп билік қосымша ұпай да жинай алар еді. Алайда нисие алуға ынтық көпшілік ол ақшаны сактап қалудан гөрі сол кезде-ақ қажетіне жаратары сөзсіз. Ал енді ел басына сын сағат туса, қайтпек керек? Сондықтан жауапкершілігін сезінген кез-келген билік бір күндік иә бір жылдық емес, ұзақ мерзімді көкжиекте ойлағаны шарт. Кезінде экономиканың, оған қоса мұнай нарығының құбылмалы екенін түсініп әлгіндей қадамға Норвегия, Сауд Арабиясы, Әмірліктер сынды мемлекеттер барды. Және бұл тәжірибе қиын сәттерде өзін ақтап шықты. Рас, біздегі қордың жұмысы, оның ашықтығы жиі сынға алынып жатады. Көп жағдайда онысы негізді де, әсіресе жекеменшік банктерді құтқаруға не болмаса күдікті жобаларды қаржыландыруға келгенде. Десе де аталған келеңсіздіктер Қордың маңызын жоққа шығармайды. Онсыз 2008, 2014 жылғы дағдарыстардан аман-есен шығуымыз екіталай еді. Қазір де Коронавирус пен девальвация қысқан шақта Қордың болғаны кезіндегі ел азаматтарының жігері мен көрегендігінің арқасы. Ендігі мәселе осы әлеуетті талан-таражға салмай сауатты да ұтымды қолдануға келіп тіреледі. Сөз болып отырғаны тек ағымдағы әлеуметтік қиыншылықтарды жамау емес, сондай-ақ шикізат экспорты тоқыраған жағдайда, экономиканың басқа салаларына жан бітіру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жолдар салу, т.б. Өз алдына болашақта алға басуды көздеген бұл міндет қоғамдық бақылау мықты болса ғана дегеніне жетпек.

Расул Жұмалының фейсбук парақшасынан алынды

Байланысты жаналықтар

Кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

23.09.2020

Шымкент велосипедтері мініске жарап тұр

21.03.2021

Қызылордада дәріханалар дәрісіз қалды

30.06.2020

Пандемия кезінде байығандар

20.10.2020

Кәсіпкерлікті құтқарудың төтенше жолы

27.04.2020

Қоғамдық ұйым жетекшісі министр Тұрғымбаевтың үстінен шағымданды

03.02.2020