«Қытай-қазақ туыстығын Құдайдың өзі жоққа шығара алмайды»

Malim Админ

  • 03.02.2020

Қытай мен Қазақстан арасын бұзам деушілердің әрекеті бос әурешілік. Бұл сөзді ҚХР-дың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан СЯО айтты. Бұл туралы оның Facebook парақшасында жарияланды.

Оның сөзіне қарағанда, екі ел арасында қалыптасқан достық, тату көршілік қарым-қатынасты көре алмайтындар бар екен. Қазақ-қытай арасындағы стратегиялық байланыстарды бұзғысы келетін сыртқы күштер Қазақстанды басқа бағытқа салуға талпынады. Тіпті, елші ондай елдер қазақстандықтарды үнемі жаңылыстырып отырады. Сөйтіп, қытай-қазақ байланыстарын бұзуға күш салады деген пікірде.

«Олар қытай-қазақ қарым-қатынасы туралы жағымсыз пікір қалыптастыруға тырысады. Алайда ойлай алатын адам шындық пен өтірікті бірден айырады. Сондықтан қытай-қазақ қарым-қатынасын бұзамын дейтіндердің әрекеті – бос әурешілік», - дейді ол.

Сяо Қазақстан мен Қытай арасындағы бірнеше келіссөздерді, стратегиялық келісімдерді, ресми кездесулерді, Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясын, т.б. жіпке тізеді. Дегенмен, көптеген қазақстандықтардың наразылығына негіз болған Қытайдағы мұсылман азшылығына жасалып жатқан қысымдар мен ол жақтан шекара бұзып қашып келіп жатқан этникалық қазақтар туралы ештеңе айтпапты.

Елшінің сөзіне қарағанда, екі ел тату көрші ғана емес, мәдениеті мен менталитеті ұқсас, туыс халықтарға жатады.

«Екі ел географиялық жағынан бір-біріне өте жақын, ғасырлар бойы сенімді әрі тату көрші болып келеді. Біз Ұлы Жібек жолы арқылы етене араласып, өзара тиімді әрі достық байланыстарды орната білдік. Осы қарым-қатынас ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қытай мен Қазақстан халықтары – тату көрші, әріптес, бір-біріне туыс. Құдайдың өзі осы тарихты және шындықты жоққа шығара алмайды», - дейді Сяо.

Айта кету керек, Қытай елшісі осылай мәлімдеме жасаған қарсаңда, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк ПОМПЕО Қазақстанға есми сапармен келіп, «Шыңжаң лагерлерінде отырған бір миллионнан астам ұйғыр мен этникалық қазақтардың ауыр тағдырын» сөз етіп, «Қытайдан қашқан босқындарды қауіпсіз баспанамен қамтамасыз етуге үндейтінін» жеткізген.

Фото: kapital.kz

Байланысты жаналықтар

Аида Балаева: «Әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ»

28.03.2020

Қазақстан хоккейшілері жарап тұр

24.05.2021

Өтірікті шындық жеңген күн

03.03.2020

Қазақ тілі – түрме мен барахолка тілі. Ресей билігі неге азар да безер?

20.08.2021

Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

23.09.2021

Ерекше баланың анасымын: Даун синдромы жайлы бір сөз

28.01.2021
MalimBlocks
Аида Балаева: «Әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ»

Қазақстан хоккейшілері жарап тұр

Өтірікті шындық жеңген күн

Қазақ тілі – түрме мен барахолка тілі. Ресей билігі неге азар да безер?

Тәліптер келіп, тіл дауынан құтқарған еді, оның өзі көпке бармады

Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

Ерекше баланың анасымын: Даун синдромы жайлы бір сөз