Жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр

Malim Админ

  • 23.04.2020

«Биылғы жыл басынан бері облыста пара алуға, бюджет қаражатын жымқыруға, сондай-ақ, өкілеттігін теріс пайдалануға байланысты 40-тан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды. Лауазымды қызмет атқаратын 15 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында байқалады», - деді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Қожахметов селекторлық кеңестің отырысында.

Атырау облысының Махамбет Досмұхамбетов селекторлық кеңестің жиналасын өткізді. Облыс әкімі төтенше жағдайға байланысты күшейтілген карантин енгізілгенмен, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі күн тәртібінен түспейтінін атап өтті. «Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен елдің болашағына нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлықпен күреске бір адамдай жұмылуға шақырды. Сондықтан, отандық экономика үшін, қоғамның әр саласы үшін ең қауіпті кесел – сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына жол бермеуіміз керек», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Қожахметов Antikor.Live. жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті онлайн форматта таратып жатқанына тоқталды. Былтыр қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзетулер енгізілген. Соның бірі – бағынышты қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактісі анықталса, басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен саяси қызметшілердің қызметінен кету тетігі. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, таралу жолдарын кесу, оның өршуіне жол бермеу бағытындағы күресті күшейтуіміз керек», - деді селекторлық кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Махамбет Досмұхамбетов қызметінен айырылмайын десе, күресті күшейтуі керек.

 

Байланысты жаналықтар

Жемқорлық халықтың ақшасын ғана жемейді

10.11.2020

Мәдениет және спорт министрлігінің департамент бастығы ұсталды

11.06.2020

Жоғары сот судьясы қамауға алынды

10.04.2021

Мәдениет министрі орынбасарының не үшін ұсталғаны айтылды

26.02.2021

Депутат: Жемқорлыққа қарсы қызмет әкімге пара бергізбек болды

15.05.2020

Орынбасары жемқорлықпен ұсталған Әубәкіров жаңа қызметке барды

30.09.2020
MalimBlocks
Жемқорлық халықтың ақшасын ғана жемейді

Мәдениет және спорт министрлігінің департамент бастығы ұсталды

Жоғары сот судьясы қамауға алынды

Мәдениет министрі орынбасарының не үшін ұсталғаны айтылды

Депутат: Жемқорлыққа қарсы қызмет әкімге пара бергізбек болды

Орынбасары жемқорлықпен ұсталған Әубәкіров жаңа қызметке барды