Еуразиялық экономикалық интеграция өзінің толық деңгейіне жетті

Malim Админ

  • 24.04.2020

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразиялық интеграция - Н.Назарбаевтың тарихи бастамасы» тақырыбында онлайн режимде телекөпір өтті.

«Еуразиялық интеграция - Н.Назарбаевтың тарихи бастамасы» тақырыбында телекөпір өтті Шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген аталған университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес 2015 жылы еуразиялық интеграциялық процестің нақты нәтижесі - Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы болғандығын айтады. «Барлық процестер тектоникалық өзгерістерді көрсетеді. 70 жылға жуық уақытқа созылған Совет одағының тарихы 1991 жылы аяқталғаны белгілі. Сол кезде СССР құрамында болған одақтас республикалардың арасындағы экономикалық, мәдени байланыстардың тиімді жақтарын сақтап қалу маңызды еді. Осыған байланысты 1994 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық тұрғыдағы еуразиялық интеграция идеясын бастамашы болды. Бұл әрине, бұрынғы СССР кеңістігінде жаңадан құрылған ТМД елдері аясындағы қарым-қатынастардың барлығын бейбіт түрде бірқалыпты дамуына бағытталған идея еді. Сол идеяның аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті құрылды», - деді ол. Ғалымның атап өтуінше, интеграциялық процестердің маңызды мәселелерінің бірі - бұл ғылыми, мәдени, әлеуметтік, экономикалық байланыстарды тиімді бағытта дамыту. Сондықтан шығармашылық зиялылардың, қоғам қайраткерлерінің ынтымақтастығы да маңызды. «Бүгінгі таңда экономикалық интеграция әр тарапқа тиімді болуы тиіс. Бұл тұрғыда экономикалық байланыстар екі жаққа да тепе-тең деңгейін сақтауы қажет. Еуразиялық интеграцияға қатысты екі түрлі көзқарас бар. Біреуі еуразиялық интеграциялық процестерді тереңдету ұстанымын жақтайды. Ал екінші тараптың пікірінше: «Еуразиялық экономикалық интеграция өзінің даму деңгейіне жетіп, нәтижесін беріп отыр. Енді мұнан кейін мемлекетүстілік құрылымдар Қазақстан үшін жауап бере алмайды». Біздің ойымызша, расында еуразиялық экономикалық интеграциялық процестер өзінің толық деңгейіне жетті. Ендігі мәселе осы экономикалық одақ аясындағы 5 мемлекет, яғни, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения және Беларусь бір-бірінің ұлттық тәуелсіздігін құрметтеп, тепе-тең қарым-қатынас жасауы тиіс», - деді Мақсат Алпысбес.

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

20.03.2024

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

19.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023
MalimBlocks
Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

Бұл туралы Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тiзiмiнен Елбасы аппаратының қызметшiлерi алынып тасталды.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?