Әкім Әбдіқалықова карантин тәртібіне бағынбай жүр

Malim Админ

  • 27.04.2020

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері Әлия ӘБДІҚАЙЫМОВАНЫҢ №10 қаулысының жарияланғанына да он шақты күн болды. Карантиндік шараларды күшейту туралы бірнеше тармақтар мен тармақшаларға бөлінген қаулыда  аймақ тұрғындарының барлығына бірдей жүріп-тұру ережелері жазылған. Ал мұны бұзған қарапайым тұрғындар ғана заңмен жазаланып жатыр. Бірақ, бір қызығы, бас санитардың бекіткен кейбір тәртібіне аймақ басшысы бас имейтін сияқты.

Мәселен, №10 қаулының 12-пунктінде бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуға шектеу қою туралы жазылған.

Ал Гүлшара  ӘБДІҚАЛЫҚОВА бұл тәртіпті елемей,  айналасына топырлаған ақ жағалыларды жинап, далаға дән сеуіп жүрген суреті кеше ғана әлеуметтік желіде жарияланды. Әкім Сырдария ауданына барып дән сепкенімен ғана қоймай, шара ұйымдастырып, біраз шаруашылық өкілдерімен де кездесіп келіпті. Сонда төтенше жағдайға байланысты көпшілік жиналатын жиындарға тыйым салынғаны қайда қалды? Цифрлі Қазақстанда әкім ханымға онлайын жұмыс істеуге болмай ма?

Әкімнің карантин кезінде айналасына топтап адам жинағаны бұл тек бірінші рет емес екен.  Өткен аптада эпидемиологиялық ахуалы қиын, коронавирус жұқтырған тұрғындары көбейіп кеткен Жаңақорған мен Шиелі аудандарына барып қайтты. Гүлшара Әбдіқалықова бұл сапарында да үш адамнан артық жиналуға болмайды деген  тәртіпті тәрк етіпті. Оны облыс әкімдігі Facebook парақшасына жариялаған суреттерден-ақ анық аңғаруға болады.

Осы кезге дейін әкімнің топтап адам жинап жүрген суреттері желіде толып тұрса да, ол үшін аймақ басшысының да, қасындағылардың да әлі әкімшілік жазаға тартылмағаны анық. Бірақ облыс бойынша полиция департаменті "карантин тәртібін орындамады" деп 952 қарапайым тұрғынға шара қолданыпты.

Фотоларды автор ұсынды. 

Абай НҰРЖАНҰЛЫ. 

Байланысты жаналықтар

"Ата-аналары күтіп алмай-ақ қойсын, олар карантинге жатады"

27.04.2020

Әкім орынбасарының жұмбақ өліміне орнына таласқандар кінәлі ме?

23.06.2020

Депутат: Шетелден асыл тұқымды мал алудың соңы жұтқа әкелді

16.06.2021

Демалыс күндері қай қалаларда карантин күшейтіледі?

18.06.2020

Диплом дауы

29.12.2020

Қазалы Венецияға айналып барады

29.04.2020
MalimBlocks
"Ата-аналары күтіп алмай-ақ қойсын, олар карантинге жатады"

Әкім орынбасарының жұмбақ өліміне орнына таласқандар кінәлі ме?

Депутат: Шетелден асыл тұқымды мал алудың соңы жұтқа әкелді

Былтыр Маңғыстауда 4883 мал басы өлсе, биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 1332 бас мал өлген.

Демалыс күндері қай қалаларда карантин күшейтіледі?

Диплом дауы

Қазалы Венецияға айналып барады