Тоқаевқа хат. Дәрігерлерін айыптап отырған Қазақстан ғана

  • 30.04.2020
  • Malim Админ

Ғаламторда президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕТЫҢ атына Алматығы Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерінің ашық хаты жарияланды.

Ресми ақпарат бойынша бұл ауруханадағы 263 медициналық қызметкерден коронавирус анықталған-ды. Талай сынан кейін қызметінен алынып тасталған Айзат МОЛДАҒАСЫМОВАНЫҢ орнына келген Жандарбек БЕКШИН «дәрігерлер қорғаныш жабдық-құралдарын пайдаланбаған» деген еді. Осылай Бекшин мырза  «наконец-то» дәрігерлерді жазықты етті.

«Біз денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы бұл мәселені объективті түрде тексеруге мүдделі емес деп санаймыз. Тәуелсіз мемлекеттік комиссия құруға қатысу және жәрдемдесу үшін Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ сіздің жеке қатысуыңызды  өтінеміз.  Бұл орайда Алматы қаласы ОҚКА қызметкерлері мен әкімшілігін (бұрынғы және қазіргі), прокуратура өкілдерін, тәуелсіз вирусологтар мен эпидемиологтарды да (сонымен қатар шетелдік) қатыстыруын сұралады. Сізден бір де бір профильдік ведомствоның осы комиссияның шешіміне әсер етпеуін сұраймыз. Біз шынайы ниетпен инфекцияның таралу себебін тапқымыз келеді, бұл біздің кәсіби тұрғыда тәжірибе жинауымызға да қажет, болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін де көмектеседі», -делінген ашық хатта.

Хат иелері Денсаулық сақтау министрлігі бар кінәні төмендегі медициналық қызметкерлерден көруді көздейтінін айтады.

«Президент мырза,  соңғы аптадағы сұхбаттарыңыздың бірінде "біз алматылық дәрігерлерді қорғай алмадық" деп айттыңыз. Сіз, Мемлекет басшысы ретінде осы жауапкершілікті те өзіңізге  алғаныңыз үшін ризамыз. Біздің дәрігер деген ардақты атымызды сақтап қалуымыз үшін, кәсіби емес құрылым басшыларына бола  еңсемізді түсірмеуіміз үшін Сізден көмек сұраймыз. 

Біз, өміріміздің басым бөлігін медицинаға арнаған мамандар өзімізге деген мұндай нашар, төмен қарым-қатынасқа лайық емеспіз. Дәл қазіргідей қиын кезде Денсаулық сақтау министрлігі бізге көмек қолын созудың орнына, медицина қызметкерлерін шыңырауға итермелеп отыр», -дейді ОҚКА-ның қызметкерлері ұжымдық хаттарында.

Дәрігерлер өтемақы керек емес. Тек әділдікке қол жеткізгілері келетінін айтады. 

«Біз өз талдауымызды жасадық. Өкінішке қарай, осы пандемия кезінде дәрігерлерін айыптап отырған әлемде бірінші ел екенбіз.  Өтемақы алу мақсатын көздемейміз, бірақ біз әділдікке қол жеткізгіміз келеді. Және  жаңадан құрылған комиссияға жолдаған барлық сұрақтарымызға дұрыс жауап алғымыз келеді», - дейді дәрігерлер. 

Ең алғаш Алматығы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы қызметкерлерінен коронавирус 10 сәуір күні анықталған еді. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы я болмаса Денсаулық сақтау министрлігі емес, бірінші болып әлеуметтік желіде жазылған еді.

Фото ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

Қырғыз депутаты: Қазақтар шекарадан өткізу үшін ақша сұрайды

11.06.2021

500 ғалым "Болашақ" бойынша ғылыми тағылымдамадан өте алады

22.04.2021

30 жыл биліктен кетпеген президент қайтыс болды

25.02.2020

Әкім Әбдіқалықова алданып жүр

27.10.2020

Қазақстан мен Ресей кәдімгідей есеңгіреп қалды

22.05.2020

Помологиялық бақ көркейсе – ел көркейеді

30.04.2021