Азаматтық қоғам шындала түседі

  • 30.04.2020
  • Malim Админ

Қоғамдағы кез-келген төтенше жағдай азаматтық қоғам сыналар шақ. АҚШ-тың белгілі саясаттанушысы Дэвид ИСТОН азаматтық қоғам саяси жүйенің фильтірі іспеттес дейді. Иә, азаматтық қоғам қажет кезінде билікке көптеген мәселелерде түрткі болады. Кейде инсативаларды өз қолына алатын кезде орын алады. Әрине, ол мемлекеттік емес ұйымдардың да рөлі.

Мәселен наурыз айында коронавирустан кесірінен басталған карантинде осы тенденцияларды аңғару болады. Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жетекшілік ететін Қазақстан Халқы Ассамблеясының Жамбыл облысындағы филиалы мұқтаж жандарға 13 миллионға жуық қаражат бөлді. Бір қарағанда бұл қайырымдылық сынды көріну мүмкін. Қайырымды іс екені де анық. Алайда, бұл азаматтық қоғамның сергектігі. Қиын қыстау кезде жекелей емес, бірге шығу үшін жасалған қадам.

Тоғыз мыңға жуық отбасына облыстағы он тоғыз этномәдени бірлестік көмек қолын соған. Махмұт ҚАШҚАРИ атындағы ұйғыр этномәдени орталығы облыс орталығы Тараз қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен көпбалалы сексен отбасына құны 1 миллион теңгеге азық-түлік алып берген.

«Вайхан» шешен-ингуш мәдени орталығы аз қамтылған отбасыларға антисептик және 50 000 теңге көлемінде жәрдем көрсетсе, «Самшобло» грузин этномәдени орталығы коронавирусқа қарсы құрал-жабдықтар берген.

«Бұл індетпен қоғам болып күрескен ләзім. Барлық адам бір жұдырықтай жұмылу керек деп ойлаймын. Сәуір айынаның басынан республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында жұмыстар атқарылып жатыр. «Вынхуа» атты дүнгендер қауымдастығының мәдени орталығы 10 миллион теңгеге әлеуметтік жағдайы мүшкіл жандарға көмектесті. Облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамынедағы этно бірлестіктер бас-аяғы 9 мың отбасына 16 миллион теңгеге көмек берді», - дейді Жамбыл облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» төрағасының орынбасары Маржан ҚОЖАЕВА.

Сондай-ақ, Тәжіктер қоғамы жағдайы төмен үш отбасыға елу бес мыңнан берсе, «Тұран»  әзербайжан этномәдени бірлестігі жағдайы төмен бір отбасыға 25 мың теңге берген.

Айтпақшы, бұл игі істен Аналар кеңесіде сырт қалмаған. Олар көпбалалы 10 отбасына 100 мың теңгелік азық-түлік алып берсе, 24 анаға 200 мың теңге көлемінде азық-түлік және 10 тұрмысы нашар жанұяға 94 470 теңгеге керек жарақтарын алып берген.

Дәл қазір Жамбыл облысында үш адамнан коронавирус атықталса, үш адам жазылып шықты. Сауығып шыққандарды барлығы әйел адамдар.

Нұрбол САБЫРБЕК

 

 

Байланысты жаналықтар

Дәулеткерей Кәпұлы: Жер мәселесі солқылдақтықты көтермейді

09.04.2021

«Енді қытай вакцинасын саламыз»

01.06.2021

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

26.03.2020

"Жас Алаштың" бас редакторы тағы ауысты

24.02.2020

Жамбыл ауданына кәсіпкерлер жәрдемдесті

21.07.2020

Кім өтірікші: Цой ма, Қожахметов пе?

04.09.2020