Қазақстанда парламенттік оппозиция бола ма?

Malim Админ

  • 06.05.2020

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин құжат жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленгенін айтты. «Осыған орай, Мәжіліс депутаттары бастамашы болған осы заң жобасында алғаш рет «парламенттік оппозиция» деген ұғым енгізілді. Бұл Парламент тарихында бұрын болмаған, бірақ та, уақыт талабына сай жасалып отырған өте қажетті қадам. Себебі, Парламенттік оппозиция - демократияны одан әрі нығайтуға, Парламент жұмысын дамытуға, сонымен бірге, ашық және еркін қоғамды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Сондықтан, дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, осы заң аясында, тиімді парламенттік оппозиция қалыптастыру керек деп есептейміз», - деді Нұрлан Нығматулин.

"Кейбір ұсыныстардың қолдау таппағанын есептемегенде, парламенттік оппозиция туралы заң демократия жолындағы тағы бір оң қадам болады деп ойлаймын. Парламентте қызу талқы тудырып, сенімді парламент болуға кепіл ететін заң болмақ", - деді Азат Перуашев.

Осыған дейін депутаттар тағы бір заңды мақұлдап, жастар мен әйелдерге квота беру керек деген болатын. Ендігі парламенттік сайлауда жастар, оппозиция өкілдері, партия депутаттары болып, қызу пікірталас орын алып, демократия көріністерін тамашалай аламыз ба? Әлде бұл кезекті рет халықты алдарқату ма?

 

Байланысты жаналықтар

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

15.01.2021

Митинг заңы: Тоқаев уәдесінде тұра ма?

13.02.2020

Жаңа жолдауды ескіше қолдау

02.09.2020

Азаматтық қоғам сұранысынан туған заң

26.03.2020

Нығматулин қайда болса, Махаев сонда

26.10.2020

Нығматуллин депутаттарын мақтады

20.05.2020
MalimBlocks
Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

Митинг заңы: Тоқаев уәдесінде тұра ма?

Жаңа жолдауды ескіше қолдау

Азаматтық қоғам сұранысынан туған заң

Нығматулин қайда болса, Махаев сонда

Нығматуллин депутаттарын мақтады