Сенатқа келген заң мәжіліске кері қайтты

  • 14.05.2020
  • Malim Админ

Бүгін парламенттің жоғарғы палатасы сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын талқылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген бұл құжатты мәжіліс депутаттары мақұлдаған болатын. Алайда, заң жобасын қарап шыққан сенаторлар бірқатар өзгерістерді ұсынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен әзірлеген жаңа заң жобасы ел азаматтарының бейбіт митингіге, демонстариция мен шеру, пикеттер өткізу кезінде конституциялық құқығын қорғамақ.

Сонымен не өзгеру керек? Сенаторлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында пикеттер, жиналыстар мен митингілер үшін арнайы орындар саны қаланың әрбір ауданының орталығында жоқ дегенде үшеу болу керек. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының оған қатысушылардан өз бетін бүркемеу тиіс. Митинг  ұйымдастырушылар мен қатысушылардың денсаулық сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөніндегі құқығын бекіту қажет.

«Қаралған заң жобалары еліміздің одан әрі дамуына оң әсер етеді. Ұсынылып отырған құжаттар Қазақстандағы саяси үдерістерді одан әрі дамыту, адам құқықтарын қамтамасыз ету мен демократияландыру жолындағы маңызды қадам деп айтуға толық негіз бар», – деді сенат төрағасы Мәулен САҒАТХАНҰЛЫ.

Сенат депутаттары  бас-аяғы алты бапқа байланысты 16 ұсыныс жасап, оны депутаттардың түгелдейі қолдап шықты. Бас баяндамашы сенат депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің мүшесі Сәрсембай ЕҢСЕГЕНОВТІҢ айтуынша, «қоғамда кеңінен талқыға түскендіктен» осындай өзгертулер енгізіп отыр екен.

«Заң жобасын талқылау барысында бейбіт жиындар ұйымдастыру және оны өткізу үшін арнайы орындар белгілеу және олардың санына қатысты сұрақтар туындады. Ол қоғамда да кеңінен талқыға түскен. Мәселені қарап комитет астананың, респуликалық маңызы бар және облыс орталықтары болып есептелетін қалалар мен олардың құрамына кіретін аудандарда арнайы орындар міндетті түрде орталықта орналасуын және олардың саны үштен кем болмауы тиіс деген шешімге тоқтады», – деді ол. 

Саясаттанушы Ерлан САЙРОВТЫҢ айтуынша, мәжіліс мақұлдаған заңды сенаттың кері қайтаруы демократиялық үрдіс. Қоғам белсенділері, құқық қорғаушылар және т. б мамандар талқылаған заңның парламент қабырғасында да қызу талқыға түсуі заңды дейді.

«Бұл заң жобасын әзірлеу барысына мен де қатыстым. Жұмыс тобының мүшесі болдым. Заңға қатысты үш нәрсеге тоқталғым келеді. Біріншісі, Қазақстанда бейбіт митингі өткізуге ынталы адамдарға мемлекеттік органдар кедергі жасай алмайды. Екіншіден, біз рұсат сұрау жүйесінен құлақтандыру жүйесіне өтіп жатырмыз. Бұл өзге елдерде бар практика», - дейді саясаттанушы Сайыров.

С. Назарова

Фото: parlam.kz

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Төрт жыл бұрын бүкіл қазақ сілкінді

24.04.2020

Пандемия кезінде мемлекеттік қызметтер қалай көрсетілді

12.03.2021

Асқар Мәмин: «Бір терезе» шілдеге дейін ашылсын

25.02.2020

Балық барымтасымен күрес

22.10.2020

Қордай дауы: Қазақтілділер кінәні басқа жақтан іздейді

10.02.2020

Әлеуметтік кәсіпкерлік – қамқорлық, игілік, табыс жобасы

06.05.2021