Қарағандыда көп балалы анаға айыппұл салынды

Malim Админ

  • 06.02.2020

Қарағандыда 23 ықшам ауданда тұратын көп балалы ана Мақпал САЛҚАНОВА өзіне полиция қызметкерлерінің екі рет айыппұл салғанын мәлімдейді. Бұл туралы аймақтағы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Мақпал Салқанованың төрт баласы бар, балаларының үлкені – 10, кішісі – 2 жаста. Көп балалы анаға кешке жақын балалары шулағаны үшін полиция қызметкерлері екі рет айыппұл салыпты. Алайда, Мақпал айыппұл қағазын алудан бас тартқанын айтады. Бала күтімімен үйде отырған ол жұмыс істемейді. Екі бөлмелі пәтерді ипотекаға алған, соның өзін төлей алмай келе жатқанына екі жыл болыпты.

«Жұбайым қазір жұмыссыз, бұрын құрылыста еңбек еткен еді. Қазіргі уақытта мемлекеттен төрт балаға 42 мың теңге алып отырмыз. Біз бесінші қабатта тұрамыз, төртінші қабаттағы көрші кешкі уақытта балалар шулайды деп бірнеше рет полиция шақырды. Содан кейін маған полиция қызметкерлері екі рет айыппұл салды. Бір рет келгенде 70 мың теңге көлемінде десе, екінші рет 13 мың теңге деп айтқан болатын. Мен ипотеканы төлей алмай отырғанда қайдан айыппұл төлеймін деп ол қағазды алмай қойған едім. Балалар шулайды дейді, енді сондай жастағы балалар болған соң не істей аламын», - дейді көп балалы ана.

Көп балалы ана екі айдан бері үшінші баласының балабақшасына ақша төлей алмай отыр. Мақпал Салқанова облыс әкімінің орынбасары Абзал НҮКЕНОВКЕ осы мәселені айтып көмек сұраған. Әкім орынбасары қандай да бір шара қолдана ма, жоқ па, оны алдағы уақытта «Мәлім» тілшісі назарда ұстайды. Ал айыппұлға қатысты мәліметті Полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге растаған жоқ.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Коллаж: elnews.kz

Байланысты жаналықтар

Коронавирустан кейін Шудың «шөбіне» сұраныс арта ма?

26.04.2020

Түрмедегі кісі өліміне күдікті жеті адамға араша сұрайды

07.02.2020

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

09.02.2020

Ақыл аға

13.02.2020

"Нұрәлі Әлиевтің үйі менің арызымнан соң қамауға қойылды"

11.03.2020

Мұхтар Мағауиннің жастарға хаты

03.02.2020
MalimBlocks
Коронавирустан кейін Шудың «шөбіне» сұраныс арта ма?

Түрмедегі кісі өліміне күдікті жеті адамға араша сұрайды

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Ақыл аға

"Нұрәлі Әлиевтің үйі менің арызымнан соң қамауға қойылды"

Мұхтар Мағауиннің жастарға хаты