Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

Malim Админ

  • 20.05.2020

Бүгін парламент мәжілісі депутаттары «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына қайтадан дауыс берді. Төменгі палата депутаттары Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады.

Естеріңізге сала кетсек, 14 мамыр күні «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының алты бабының байланысты 16 ұсыныс жасап, оны өзара мақұлдаған. Ол жайлы МӘЛІМ КЗ сайты жазған еді.

Мәжілісмендер сенаттағы әріптестерінің өзгерісі құжатты жақсартуға негізделген дейді.

«Заңнама және сот, құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарап шығып, мына жайларды атап өтеді. Сенаттың түзетулері Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдама мен мазмұнды өзгертпейді әрі оның жекелеген нормаларын жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар әкімшілік орталық аудандарында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың арнайы орындарының міндетті санын белгілеу, тұрмыс-тіршілік нысандарының, көлік пен өзге де инфрақұрылымның жұмыс істеуінің бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқты бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту негізін алып тастау ұсынылады. Өйткені мұндай кедергілерді билік нақты әрі арнайы орынды белгілеу кезінде ескеруі және олардың алдын алуы тиіс», - деді Заңнама және сот, құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Қанат МУСИН.

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік АҚЫЛБАЙ заң жобасы халықаралық «Азаматтар туралы пактіге» сәйкес даярланған дейді.

«Бұл заң жобасы біраз талқыланды, яғни қоғамдық талқылау көп болды. Әрине, бұрынғы құжатқа қарағанда қазіргі заң айтарлықтай ілгерілеуді байқатып отыр. Осы орайда бұл бағытта жасалған қадамдарды толықтай қолдаймын. Өзінің пікірін айтушылардың құқығын ғана емес, жалпы қоғамның құқығы сақталуы керек. Мысалы, митингіге қатыспайтын басқа адамдардың, автобусқа отырған жолаушылардың, көшеде серуендеп жүргендердің құқығы бұзылмауы тиіс. Сондықтан осы заңда бұл мәселеге қатысты дұрыс шешім қабылданған», - деді Серік Ақылбай.

Фото: kaskelen.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

12.06.2020

Үкіметте шаруасы жоқ Бекболат қалай депутат болып жүр?

16.10.2020

«Бейбіт жиын туралы» заңның тағдыры мәжіліске қарап тұр

14.05.2020

Сенат «саяси партиялар туралы» заңды қабылдады

21.05.2020

Сенатор әлеуметтік желіні реттейтін заң қабылдауды ұсынды

30.03.2021

Сенатқа келген заң мәжіліске кері қайтты

14.05.2020
MalimBlocks
Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

Үкіметте шаруасы жоқ Бекболат қалай депутат болып жүр?

«Бейбіт жиын туралы» заңның тағдыры мәжіліске қарап тұр

Сенат «саяси партиялар туралы» заңды қабылдады

Сенатор әлеуметтік желіні реттейтін заң қабылдауды ұсынды

Сенатқа келген заң мәжіліске кері қайтты