42 500-ді қарық қылмаған министрлер тағы бір жәрдемақы тағайындамақ

Malim Админ

  • 22.05.2020

Коронавирусқа қатысты жұмыссыз қалғандарға мемлекет тарапынан жәрдемақы тағайындалмақ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл жәрдемақыны алу үшін азаматтар алдымен мемлекеттен жұмыс тауып беруін сұрап, Egov.kz сайты арқылы онлайн өтініш беру керек. Қазір жұмыспен қамту бағдарламасын («Еңбек») цифрлық даму министрлігімен бірігіп, цифрландыру туралы ақылдасып жатқан көрінеді. Әрине, ақылдасып жатқан шаруа болғандықтан, жәрдемақының көлемі, ол тағайындалатын адамға қандай талап қойылатынын тәптіштеп түсіндірумен аты шыққан министр Нұрымбетовтің орынбасары нақтыламапты. Тек «кенеттен, қандай да бір себеппен жұмыс табылмаса» жұмыссыз мәртебесі берілетінін жалпылама айтыпты.

"Мұның бәрі egov.kz сайтындағы "жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу" қызметінен басталады, "жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде. Тіркелген кезде азамат өзінің жұмыссыз екендігі және  мемлекеттің жаңа жұмыс табуға көмектесуін қалайтыны туралы хабарлайды. Бұдан әрі әдеттегідей enbek.kz-тен жұмыс іздеу керек. Егер кенеттен қандай да бір себеппен жұмыс табылмаса, онда азаматқа қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі, бұл жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға құқық береді", - дейді министрдің орынбасары.

Карантин басталғалы бұл екі министрлік ең көп сынға ұшыраған ведомство екенін айта кету керек.

Алдымен, Цифрлық даму министрлігі оқушыларды онлайн оқытуға мүмкіндігі жетпей, мұғалімдер мен ата-аналардан аз сөз естіген жоқ. Одан соң, 42 500 теңге алу үшін жұрт онлайн өтініш бере алмай, сайттары істемей қалып, арнайы ашылған порталдары да өтініш берушілердің көптігін көтере алмай, бірер мәрте істемей қалды.

Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бас-аяғы 42 500 теңгені өтініш берген жұртқа (қанағаттандырылған топқа) толық төлей алмай, ел алдында сүйкімін аз кетірген жоқ. Бір тағайындаған жәрдемақыларын қайтарып алатыны туралы да әңгіме тарап, ел біраз дүрлікті. Екі айға созылған  төтенше жағдайға қарамастан өтініші қанағанттандырылғандардың көпшілігі бір-ақ рет әлеуметтік көмек алды.

4,5 млн адамға тағайындалған 9 млн-нан астам ақшаның есебін де әлі күнге беріп бола алмай жүріп, жұмыссыздарға жәрдемақы төлейміз дегеніне осы жолы ел сене қояр ма екен...

Байланысты жаналықтар

42 500 алуға қайта өтініш беруге болады

25.05.2020

42 500-ді қайтарғың келсе – қайтар, қайтарғың келмесе – қайтарма

20.04.2020

Нұрымбетов Көлгіновтен асып түсейін деп тұр

13.05.2020

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

31.03.2020

"Бізге адам деп қарап жатқан жоқ": Аналар мүгедек балаларымен бірге әкімдік дәлізіне түнеуде

02.03.2021

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

02.08.2021
MalimBlocks
42 500 алуға қайта өтініш беруге болады

42 500-ді қайтарғың келсе – қайтар, қайтарғың келмесе – қайтарма

Нұрымбетов Көлгіновтен асып түсейін деп тұр

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

"Бізге адам деп қарап жатқан жоқ": Аналар мүгедек балаларымен бірге әкімдік дәлізіне түнеуде

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

Ресми деректерге сәйкес, еліміздегі жастардың 96 %-ы жұмыспен қамтылған. Бірақ бұл көрсеткіш олардың бәрі бірдей жақсы жерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алады деген сөз емес. Тіпті көп жағдайда керісінше болып жатады. Malim.kz тілшісі Айшолпан Керім жұмыс іздеудегі өз тәжірбиесін бөлісіп, өзге студенттермен де сөйлесіп, іс-тәжірбиесі мүлде жоқ жас мамандар не істесе болады деген сұраққа қатысты сарапшы пікірін сұрап көрді.