Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты

Сұлу Бөлек

  • 13.04.2025

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Институттың баспасөз хабарламасында зертханада ғылыми сабақтастық механизмі жоқ екені, ал жұмыстан босатылған қызметкерлер зейнет жасына жеткені айтылған. Мекеменің хабарлауынша, Виктор Тейфель өз бөлімін 1974 жылдан бері басқарып келеді.

"Қазір зертхананың ең жас ғылыми қызметкерінің жасы 76-да, ал В.Г. Тейфель биыл 92 жасқа толды. Денсаулығының нашарлауына байланысты көру қабілетінен айырылып, өздігінен жүре алмайды. Өкінішке қарай, зертханада жастардың болмауы мәселесі кейінгі 20 жыл бойы шешілмей келеді, бұл ғылыми сабақтастықтың толық жоғалғанын көрсетеді. Институттың басқа зертханаларына, мысалы, жұлдызды астрономия, спектроскопия және радиоастрономия зертханаларына жас мамандар мен аспиранттар жүйелі түрде келіп жатыр, ал Тейфельдің зертханасында мұндай үрдіс жоқ", – делінген хабарламада.

Институт мәліметінше, Ай мен планеталар физикасы зертханасы 2020 жылдан бері гранттық қаржыландыруға небәрі үш өтініш берген, ал 2023 жылдан бастап бірде-бір өтініш тапсырмаған. Сол кезеңде институттың басқа зертханалары 40-тан астам өтініш беріп, өз жұмыстарына қажетті қаржыны алған.

Астрофизика институтының баспасөз қызметі жүргізілген бағалау нәтижелеріне сүйене отырып, Ай мен планеталар физикасы зертханасының жүйелі түрде тиімсіз жұмыс істейтінін, кадрлық сабақтастықтың жоқтығын, ғылыми өнімділіктің төмендігін мәлімдеді.

Еске салайық, қызметкерлердің жұмыстан босатылғанын мәлімдеген Виктор Тейфель – Қазақстандағы танымал астрофизик, В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының жетекші қызметкерлерінің бірі. Аталған мекеме 1941 жылы Василий Григорьевич Фесенковтың бастамасымен құрылған. Ол – ҚР Аэроғарыш комитетіне қарасты Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының еншілес ұйымы.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025

Жұмыссыздар кәсіптік біліктілігін танытуға өтініш бере алады

31.01.2025

Қазақстанда «сұр» жұмысшылар неге көп?

23.01.2025

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

17.10.2024

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

30.07.2024

«Қан ағызатын ойығы бар»: Қарағанды облысында сақ дәуіріне жататын қанжар табылды

25.06.2024
MalimBlocks
ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

Жұмыссыздар кәсіптік біліктілігін танытуға өтініш бере алады

Қазақстанда «сұр» жұмысшылар неге көп?

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы жарияланды

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 139 914 адам тұрады.

«Қан ағызатын ойығы бар»: Қарағанды облысында сақ дәуіріне жататын қанжар табылды

Қорғандарды зерттеу арқылы ғалымдар ежелгі жерлеу рәсімдерін қадағалай алады.