Қазақстанда «сұр» жұмысшылар неге көп?

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы жарияланды

Аялдар Күнтуған

  • 23.01.2025

Қазақстанда әр алтыншы жұмысшы ресми еңбек келісімшартысыз жұмыс істейді. Мұндай қорытындыны Adam Research компаниясының сарапшылары шығарды, олар елдегі бейресми жұмыспен қамтуды зерттеу мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізген, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.

Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 16,5%-ы «сұр» схемалары бойынша жұмыс істейтіндерін айтқан. Бұл көрсеткіш ерлер мен әйелдер арасында шамамен бірдей: сәйкесінше 16,8% және 16,4%.

Келісімшартсыз жұмысқа орналасқандардың бір бөлігі — 18-24 жас аралығындағы жастар, олардың үлесі 19,9%-ды құрайды. Сондай-ақ, 25-34 жас аралығындағы 13,8% респонденттер де «сұр» жұмысшылар қатарында. Бұл топтың өкілдерінің көпшілігінің білім деңгейі төмен: олардың 28,2%-ы тек орта білім алған, ал 19,1%-ы арнаулы орта біліммен шектелген, университет дипломы бар «сұр» жұмысшылардың үлесі тек 10,9%-ды құрайды.

Бұл жұмысшылардың негізгі қызметі өнеркәсіп, ғылым немесе білім салаларымен байланысты емес. «Сұр» жұмысшылар негізінен терең білім мен нақты маман болуын талап етпейтін құрылыс, қоғамдық тамақтандыру орны, сауда және ауыл шаруашылығы салаларға тартылады. Жалпы, «сұр» жұмыс орындары ауылды жерлерде көбірек: ресми тіркелмеген жұмысшылардың үлесі ауылда 18,1%-ды құрайды деп жазылған сауалнама қорытындысында.

«Сұр» жұмысқа орналасу аз табыс табатын адамдар арасында көбірек. Айына 100 мың теңгеге дейін табатындар арасында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың үлесі 20,8%, ал айлық табысы 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі жұмысшылар арасында 23,1%-ды құрайды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен жылы белгіленген ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрады, ал орташа жалақы 390,3 мың теңге болды (үшінші тоқсанда).

Еңбек келісімшартынсыз жұмыс істейтіндер көбінесе аз қамтылған отбасылардың мүшелері екендігі туралы болжам сауалнама нәтижелерімен расталады. 100 мың теңгеге дейін табатын отбасылардың жұмыс істейтін мүшелерінің көпшілігі – 26,9%-ы «сұр» жұмыс орындарында еңбек етеді. Ал 100 мыңнан 200 мың теңге аралығында табатын отбасылардың 20,8%-ында да осындай жұмысшылар кездеседі.

Еліміздің Оңтүстік өңірлерінде «сұр» жұмысшылардың үлесі басым. Мысалы, 2023 жылы Түркістан облысында 139,6 мың адам, Алматы облысында 132,6 мың адам, Жамбыл облысында 117,4 мың адам бейресми жұмыспен қамтылған.

Батыс өңірлерде, мысалы, Маңғыстау (10 мың адам), Атырау (20,2 мың адам) және Ақтөбе (27,7 мың адам) облыстарында бейресми жұмыспен қамтылғандардың саны айтарлықтай аз.

Фото: Ақтөбе газеті

Байланысты жаналықтар

Жұмыссыздар кәсіптік біліктілігін танытуға өтініш бере алады

31.01.2025

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

17.10.2024

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

30.07.2024

Жұмыссыз ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

30.06.2022

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

02.08.2021

Кредитті жеңілдетудің жолы қайсы?

12.11.2020
MalimBlocks
Жұмыссыздар кәсіптік біліктілігін танытуға өтініш бере алады

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 139 914 адам тұрады.

Жұмыссыз ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

Тұрғындардың басым бөлігі  мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етті

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

Ресми деректерге сәйкес, еліміздегі жастардың 96 %-ы жұмыспен қамтылған. Бірақ бұл көрсеткіш олардың бәрі бірдей жақсы жерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алады деген сөз емес. Тіпті көп жағдайда керісінше болып жатады. Malim.kz тілшісі Айшолпан Керім жұмыс іздеудегі өз тәжірбиесін бөлісіп, өзге студенттермен де сөйлесіп, іс-тәжірбиесі мүлде жоқ жас мамандар не істесе болады деген сұраққа қатысты сарапшы пікірін сұрап көрді.

Кредитті жеңілдетудің жолы қайсы?