Жұмыссыз ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

Тұрғындардың басым бөлігі  мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етті

Malim Админ

  • 30.06.2022

Маңғыстау облысының Жетібай мен Мұнайшы ауылдарының жұмыссыз тұрғындары әкімдікке наразы. Олар басшылықтан жұмысқа орналастыруды талап етіп, «Маңғыстаумұнайгаз» кен орнына баратын жолды жауып тастаған.  

Қарақия ауданы әкімдігінің өкілдері жиналған азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

«Жұмысқа орналастыру жалпы кезек бойынша жүргізілетіні хабарланды. Кезектен тыс жұмысқа орналастыру басқа үміткерлерге жасалған әділетсіздік болады", - деп мәлімдеді әкімдік қызметкерлері. 

Әкімдіктің хабарлауынша,  ауданда жыл басынан бері 366 жұмыс орны ашылған.  Бұл мақсатқа биыл өңірлік жоба аясында 180 миллион теңге бөлінген.

«Қазір бұл бағдарлама бойынша 172 адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың орташа жалақысы 170 000 теңге шамасында. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстық жұмыспен қамту орталығында орташа жалақысы 100 000 теңгеден асатын бос орындар бар. Бірақ тұрғындардың басым бөлігі  жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп, қарапайым жұмысқа барудан бас тартады», - деп қорытындылады әкімшілік.     

Байланысты жаналықтар

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

13.04.2025

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

11.04.2025

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

28.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025
MalimBlocks
Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты