Еңбек министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс және мерекелік күндерді ауыстыру мәселесі бойынша пікір білдірді

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс және мерекелік күндерді ауыстыру мәселесі бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Контекст

Елімізде атап өтілетін мерекелердің құқықтық негіздері «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңмен реттеледі.

Бұрын келесі жылдың күнтізбесін Үкімет қаулысымен бекітетін. Кейін бұл функциялар Еңбек министрлігіне берілді, алайда ведомство кейбір мерекелік күндердің ауыстырылуы туралы алдын ала емес, мереке жақындаған кезде хабарлай бастады. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы мұндай тәжірибенің себебін анықтауға тырысты.

Еңбек министрлігі не деп жауап берді?

Еңбек кодексіне сәйкес, мереке және демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында уәкілетті орган демалысты жұмыс күніне ауыстыруға құқылы.

"Демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыру әр жолы жеке тәртіпте қарастырылатынын атап өткен жөн", – делінген министрліктің жауабында.

Былтыр қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2025 жылы жексенбі, 5 қаңтардағы демалыс күні жұма, 3 қаңтарға ауыстырылды. Алайда 2025 жылға басқа ауыстырулар жоспарланбаған.

Биыл күнтізбе бойынша 121 демалыс және 244 жұмыс күні. 

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

11.05.2025

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

10.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Алматылықтарға ескерту жасалды