Медициналық кітапшаны онлайн алуға болады

Malim Админ

  • 10.02.2025

HR Enbek еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисінде жұмысқа орналасу үшін қажетті медициналық кітапша қолжетімді болды, – деп хабарлайды malim.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Құжат азаматтар үшін «Жеке медициналық кітапшалар» бөлімінде, сондай-ақ жұмыс берушілер үшін қызметкерлердің келісімін ала отырып, сұрау салу арқылы қолжетімді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық кітапшалардың (санитарлық кітапшалардың) электрондық форматын енгізді.

Электрондық жүйе қызметкерлердің 15 санатын қамтиды, оның ішінде қоғамдық тамақтану, дәріханалар, санаторий қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету саласының жұмыскерлері мен медициналық персонал бар. Бұл санаттар үшін тұрақты физикалық тексерулер жылына бір рет немесе алты айда бір рет өткізіледі.

Бұдан кейін санитарлық кітапшаның электрондық нұсқасы HR Enbek порталына енгізіледі, бұл жұмыс істеу үшін тұрақты медициналық тексеруден өтуді қажет ететін азаматтардың жұмысқа орналасуын жеңілдетуге тиіс.

Жеке тұлғаның үшінші тұлғаларға беру үшін дербес деректерді өңдеуге келісімі мобильді азаматтар базасында тіркелген қызметкердің нөміріне SMS жіберу арқылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дербес деректеріне қол жеткізуді бақылау сервисімен жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Сондай-ақ, бұл келісу HR Enbek порталында немесе AppStore және GooglePlay арқылы жүктеуге болатын мобильді қосымшасында ЭЦҚ көмегімен беріледі.

Кадрлық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелері бар жұмыс берушілерге Smart Bridge арқылы «Қызметкердің жеке ісі» тегін сервисіне қосылу мүмкіндігі беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Қызметкердің жеке ісі» сервисі HR Enbek порталында 2022 жылы іске қосылған және жұмыс берушіге қызметкердің келісімімен жеке куәліктен, білімі, жұмыс тәжірибесі, фото, медициналық анықтамалар және т. б. ақпарат сияқты дербес деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беру арқылы әңгімелесу және жұмысқа орналастыру процестерін жеңілдетуге бағытталған.

Фото: OpenNews

Байланысты жаналықтар

Курьерлерде енді медициналық кітапшасы болуы керек

06.01.2025

Санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

03.01.2025

Шымкентте 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

21.12.2024

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

23.08.2024

Мүгедектікті белгілеу бойынша 52 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

05.08.2024

«50 мың теңгеден төленеді»: Еңбек министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

28.06.2024
MalimBlocks
Курьерлерде енді медициналық кітапшасы болуы керек

Тапсырыс жеткізушілерге жаңа талаптар бекітілді

Санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

Сондай-ақ, балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі

Шымкентте 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Тұрақты жұмысқа орналастыру көрсеткіші жоспар 98,6%-ға орындалған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мүгедектікті белгілеу бойынша 52 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

«50 мың теңгеден төленеді»: Еңбек министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Ведомство мәліметінше, қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.