Санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

Сондай-ақ, балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі

Мәди Саматұлы

  • 03.01.2025

Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкіметтің хабарлауынша, аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден бірнеше ұйымға ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Бүгінде 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар.

Өзгерістер басқа медициналық құжаттардың берілуіне де әсер етті. Сондай-ақ, азаматтарға ыңғайлы болу үшін мына құжаттарды қағаз түрінен электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр:

- Еңбекке жарамсыздық парағы;

- 075/у «Медициналық анықтама»;

- 026/у «ДКК қорытындысы»;

- 073/у «ТҚ басқаруға рұқсат беру туралы анықтама»;

- 069/у «Санаторий-курорттық карта»;

- 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты»

- 076/у «Қаруға рұқсат алу»;

- 038/у «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама». 

Бұл мақсатқа жету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құжаттар үшінші қолға азаматтардың келісімімен ғана «еDensaulyq» бөлімінде медициналық деректерге қол жеткізу мүмкіндігі бар «eGov mobile» қосымшасы арқылы беріледі.

Сонымен қатар жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі. Екпе салынған пациент вакцинадан кейінгі асқынуларға шағымданған жағдайда ғана әрекет алгоритмі өзгереді. Медицина тілінде мұны иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер деп атайды. Дәрігер дереу көмек көрсетуге, электронды хабарлама ресімдеп, оны мемлекеттік органдарға тапсыруға міндетті болады.

Фото: kazface.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды