Курьерлерде енді медициналық кітапшасы болуы керек
Тапсырыс жеткізушілерге жаңа талаптар бекітілді

Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қоғамдық тамақтану қызметтері. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу. Жалпы талаптар» құжатын бекітті, ол 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Стандартты Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген.
Жаңа талап бойынша курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуы керек. Сонымен бірге, олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтіп, жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға тиіс.
Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін тапсырыста көрсетілген орын бойынша тұтынушыларға жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымдануын анықтау үшін тапсырыстағы өнімді тексеру мүмкіндігі берілуге тиіс.
Қабылданған стандарт мейрамханалардың, кафелердің, логистикалық компаниялардың және курьерлердің тамақ жеткізу қызметінің сапасын арттыруға арналған.
Фото: Жансерік Күзембай
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Курьер барып келетін, шауып келетін бала ма?
Төртбұрышты сары, көк сөмке асынғандар қалада қаптап кетті. Метрода қасыңда тұрады, автобус ішінде жаныңда жүреді, көшеде велосипед, самокатпен қағып кетердей немесе көлік пен автобустың астына түсіп кетердей қаңғалақтап бара жатады. Бұлар кімдер? Қайдан шыққандар? Қайда бара жатқандар? Еліміздегі ең танымал жеткізу компанияларының бірінде курьер болып істейтін Рүстем Malim.kz тілшісіне жұмысы, ондағы қиындықтары мен қолайлы тұстары, сондай-ақ, курьер табысының қаншалықты екенін айтып берді.