457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандықтар көлігі өртенген мүгедектігі бар әйелге көмектесті

Қазақстан азаматтары қайырымдылық көрсетіп, көлігі өртеніп кеткен мүмкіндігі шектеулі әйелге көмектесті. Ол әйел – есту және сөйлеу қабілетінен айырылған, екі баласын асырау үшін курьер және такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Ал көлік оның жалғыз табыс көзі болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жағдай одан әрі күрделене түсті: әйел жүкті, ал күйеуі отбасын тастап кеткен.

Автоблогер Заир Рзаев әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрап, үндеу тастады.

Қазақстандықтар бейжай қалмай, қысқа уақыт ішінде 6 миллион теңге жинап, әйелдің несиелерін жапты.

Оған қоса Kia Qazaqstan компаниясы 3 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Халықтың көмегі арқасында оған су жаңа құны 10,5 млн теңге болатын Kia Ceed көлігін сыйладық, сондай-ақ несиелері жабуға қол ұшын создық. Енді бұл отбасы үшін жаңа өмір басталды, – дейді блогер.

Фото: әлеуметтік желі