Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Қоғам
Шымкентте 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Биыл қалада жұмыспен қамту шаралары жоғары деңгейде жүзеге асырылған. Жоспар бойынша 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделсе, 11 айда нақты 28 813 адам қатысып, жоспар 94,4%-ға орындалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қысқамерзімді кәсіптік білім беру бойынша 3 732 адамды оқыту жоспарланған болатын. Нәтижесінде, 3 376 адам оқуға жолданды, бұл 90,5%-ды құрайды. Олардың ішінде 92 адам кәсіби біліктілікті тану (ваучер оқуы) бағдарламасына,157 адам жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға, 513 адам тұрғын білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысса, 2 706  тұрғын enbek.kz порталы арқылы онлайн-оқыту бағдарламасын таңдаған.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 4 176 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсету жоспарланған болатын. Нақты 3 777 адамға қолдау көрсетілді (90,4%). Олардың арасында 3 349 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға тартылса, 428 қала тұрғынына қайтарымсыз грант берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 019 адам (94,2%) тартылды. Олардың ішінде 170 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды,  2 311 жас маман «жастар практикасы» бағдарламасына, 2 453 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 274 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасына», 20 жас маман «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына, 791 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты.

Жалпы 14 846 адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған болатын. Нәтижесінде 14 641 адам тұрақты жұмысқа орналасып, жоспар 98,6%-ға орындалды. 12 ай қорытындысымен жұмыспен қамту шаралары бойынша барлық көрсеткіштер 100 пайыз орындалады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу