Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Коронавируспен ауырған дәрігерлер жұмыссыз қалды

malim Авторы: malim
25.05.2020
Share on FacebookShare on Twitter

300-ден астам қызметкерінен коронавирус анықталған Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері вирустан айыққан соң, жұмыссыз қалғанын айтады.

Facebook әлеуметтік желісінде Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың бірқатар дәрігері коронавирустан айыққан соң өздерін жұмыста ешкім күтпегенін, медициналық қызметкерлер жұмыссыз қалғанын жазды. Бұл жазба орталық қалалық клиникалық ауруханасы гинекология бөлімінің меңгерушісі Гаухар Әміреева,  дәрігер Эльнура Ғаббасова мен Ғалымжан Баймағамбетовтің парақшаларында жарияланды.

“Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері, олардың отбасы мүшелерінің жаппай вирус жұқтырғанына бір жарым айдан асты. Қорқынышты аурудан айығу үшін бір жарым ай кетті, өкінішке қарай, бұл аурудан бәрі бірдей айыға алмады. Көп жылдан бері білетін, бірге жұмыс істеген аурухана қызметкері қайтыс болды. Біз бір жарым ай бойы жұқпалы аурулар ауруханасында арнайы ем қабылдадық, күн сайын тест “коронавирусқа теріс нәтижені” анықтап, біз күнделікті өмірге ораламыз, денсаулығымыз қалпына келген соң, коронавируспен күресіп жүрген әріптестерімізге қосылып, жұмысқа шығамыз деп үміттендік.

Ал енді аурудан айыққаннан кейін бізді не күтіп тұрды? Бізді ешкім күтпейтіні белгілі болды. Біздің көптеген қызметкерлерімізде жұмыс жоқ, өйткені біздің аурухана бірнеше күн ішінде тиісті бұйрықсыз “Инфекциялық аурухана” болып қайта құрылды және көптеген мамандарымыз қажетсіз болып қалды.Енді біздің гинекологтар, хирургтар, травматологтар және басқа да мамандар жұмыссыз, күнкөріске керек ақшасыз қалды. Біздің аурухананың әкімшілігі мен денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері байланысқа шықпайды, біздің сұрақтарымызға жауап жоқ. Бұл жағдайды түсінуге, кімнің кінәлі екенін және бұдан әрі не істеу керектігін білуге ​​уәде еткендердің бәрі “БОС” сөз болып қалды. Уәде етілген комиссия тексеріс нәтижесін ығарып, оны көпшіліктен жасырып отыр немесе ол комиссия мүлде құрылмады. Бақылау комиссиясы қазір қайда, оның жұмыс нәтижесі қандай деген сұрақтарға кім жауап береді? Біз неге аурухана табалдырығын тоздырып, жабық есікті қағып жүруіміз керек? Өтемақы туралы мәселенің бетін де жылы бүркеп жаба салды. Жұмысқа қабілетті болып тұрғанда, ұйқы мен отбасымызды қалдырып, бірнеше тәулік бойы жұмыс істей алатын шақта қажет болдық та, енжі өзіміз мемлекет көмегіне мұқтаж болып қалғанда, біді елеусіз қалдырғандарыңызға жол болсын!

Дәрігерлер – өте шыдамды және еңбекқор халық, біз осындай қиын уақытта жанжал шығарып, ел-жұртты өзімізге назар аудартқымыз келмейді, бірақ сіздердің іс-әрекетеріңіз бізді әлеуметтік желілерде өз проблемаларымызды жазуға мәжбүр етеді”, – деген дәрігерлер сұрақтарына жауап беруді сұрап, диалог қажеттігін айтты.
Біз осы жазбаның авторы Ғалымжан Баймағамбетовке де, Гаухар Әмірееваға да хабарласып көрдік. Гаухар Әміреева дәл қазір осы мәселенің шаруасымен жүргенін айтып, уақыты болғанда сұхбат беретінін айтты.

Дәл қазір, сағат төртте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бұл мәселені шешу жолдарын қарастыру үшін дәрігерлермен онлайн  жиналыс өткізіп жатыр.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ҚазТАГ ақпарат агенттігіне берген жауабында 3 мамырдан бастап орталық қалалық клиникалық аурухана көппрофильді инфекциялық стационар режимінде жұмыс істеп жатқанын жеткізген. “Қазіргі кезде орталық қалалық клинкалық аурухана қызметкерлерін карантин  кезінде басқа медицина мекемелеріне жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қолға алынып жатыр”, – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі кезде инфекциялық стационарда жұмыс істеуге келіскен аурухананың 239 қызметкері жұмысын жалғастырып жатыр. 70 қызметкер еңбек демалысында. Аурудан айығып немесе карантиннен шыққан 143 қызметкер жұмысқа шығуды күтіп отыр”.

Ал жалпы ауруханада 852 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Фото: Azattyq.org

 

Tags: Гаухар Әміреевадәрігерлеркоронавирусорталық қалалық клиникалық аурухана

Ұқсас жазбалар

parlam.kz

Жаңа депутаттардың оқымаған оқуы жоқ

Авторы: malim
15.01.2021
0

VII шақырылымдағы мәжіліске агроном, мал дәрігері мен зооинженерден бастап философ пен тарихшыға дейінгі әртүрлі мамандық иелері жиналыпты. Депутаттардың арасында бір...

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

Авторы: malim
15.01.2021
0

Парламент мәжілісінің VII шақырылымдағы депутаттары жаңа спикерді сайлады. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Нұрлан Нығматулинді спикер етіп сайлады....

https://365info.kz/

Тоқаев сайлау бюллетеньдеріне “бәріне қарсымын” графасын енгізуді ұсынды

Авторы: malim
15.01.2021
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға төмендетуді ұсынды. "Мәжіліске саяси партиялардың...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов.
Фото: kp.kz

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады – 1

31.03.2020

“Хабар” тілшілеріне тағы да бронежилет алмақ

02.03.2020
Фото azattyq.org. Петра Троценко

Шенеуніктердің қара тізімі жасалмақ

14.07.2020

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

13.01.2021

Құс тұмауы Қарағандыға жетті

23.09.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!