Нұрділдә Ораз: Полицияны жаманатты қылған - сыртқы күштер

  • 02.06.2020
  • Алмас НҮСІП

Қазақстан полициясының беделін сыртқы күштер түсіріп жатыр екен. Бұндай мәлімдемені ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә ОРАЗ жасады.

«Жалпы полицияның ашықтығы дегенге келейікші. Бүгін өздеріңіз көріп тұрсыздар ғой. Әлеуметтік желіде не басым, полиция кінәлау, сынаулар көп деп жатсыздар. Бірақ үңіліп көретін болсақ осының бәрі соңғы 3-4 айдың ішінде әдейі ұйымдастырылып, сырттан келіп жатқан компания деп ойламайсыздар ма? Бұл да бір сұрақ. Өйткені, сіздер білесіздер біздің қазақ елінің бірлігіне, ауызбіршлігіне сына қағып, сырттан қызғаныш білдіріп отыратын топтар бар. Оны да ескеру керек», - деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Нұрділдә Ораз бұл пікірін Qazaqstan ұлттық арнасындағы Ашық алаң бағдарламасында айтты. «COVID-19:Карантин талаптары жеңілдеді» деген тақырыпта өткен ток-шоуда полиция саласындағы заңсыздық, ашықтық т.б проблемалар көтерілген еді. Карантин кезіндегі блокбекеттердің жұмысы, алматылық қайтыс болған полицейлер Жарас ЖАНҒАЗИЕВ, Дастан АБДЫҚАНОВ жайлы да айтылды.

Оқи отырыңыздар: Полиция бастығы адам қағып, қашып кетті

Қазақ полициясының имиджін сыртқы күштер талқандап жатыр деген пікірге бағдарламаға қатысушы тағы бір қонақ саясаттанушы Ерлан САЙЫРОВ қосыла қоймады. Сырттан жау іздеу советтен қалған ескі мінез дейді.

«Полицияға ешкім тасадан тас атпайды. Ешкім біздің полиция жаман болсын деп ойламайды. Бүгінгі таңда біздің азаматтардың либерализация деген сұранысы бар. Соның ішінде құқық қоргау органдарының ашықтығына деген сұраныс бар. Ол ешқандай да сырттан келген күш емес. Бізде кезіндегі совет кезеңіндегі көзқарас қалып қалған. Бір реформаны жасағысы келсе міндетті түрде АҚШ-тың мемлекеттік департаменті кінәлі деп шығады. Ол олай емес. Біздің халқымыз реформаны қалап отыр. Сол сұранысқа жауап беру керек. Егер ол сұранысқа жауап беретін болсақ біздің қоғамда белгілі бір дәрежеде тепе-теңдік пайда болады», - деді саясаттанушы Сайыров.

Ішкі істер министрлігі генерал Қалмұханбет ҚАСЫМОВ министр болып тұрған кезде қатты сынала бастады. Дәлірек айтсақ, 2011 Жаңаөзен қанды оқиғасынан кейін. Ол кезде полиция қызметкерлері мұнайшыларға автоматтан оқ атып, 16 адам көз жұмған еді. 2018 жылы даңқты спортшы Денис ТЕН ұрылар қолынан қаза тапқанда қоғам тағы да полиция қызметін сынап, министр Қасымовтың отставқаға кетуін талап еткен.

Оқи отырыңыздар:Тәймерденов пен Әзірбек жазаланды

2019 жылы генерал Қасымовтың орнана орынбасары болған Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ министр болды. Алайда, полицияға деген сын тоқтаған жоқ. Митингілер кезіндегі полицияның іс-әрекеті өзгерген жоқ.

Фото: ktk.kz

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Әкім ата қарттар үшін алаңдайды

31.03.2020

Атамбаевтың шығуына байланысты халық екі ойлы

06.10.2020

Түркістандағы жеке тұрғын үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала

27.02.2021

"Шетелдік нөмірлі машиналарды тіркеу шарттары қарапайым"

21.08.2020

ҚазҰАЗУ-де 18 халықаралық зерттеу орталығы бар

30.09.2020

"Вакцина салдырмағандарда ауру ауыр түрде өтеді"

22.07.2021