Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаев сотталды

Құқық
Бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаев сотталды

Сот билікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-министр Ерлан Тұрғымбаевты "билік өкілетін асыра пайдалану" бабы (362-бап, 4-бөлігі) бойынша кінәлі деп тауып, оны бес жылға шартты жазамен соттады. 

Сот таратқан мәліметке қарағанда, прокурор Тұрғымбаевты бес жылға түрмеге кесуді сұраған. Бірақ, экс-министр "өзіне тағылған айыптарды толық мойындап өкінгендіктен" оған шартты жаза берілген.

Бұл іске «ҚҰПИЯ» деген белгі берілгендіктен, сот жабық өтті.

Сот сотталушыны он жыл белгілі бір қызметтерді атқару құқынан айырған және арнаулы атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айыруға ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу