Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде экс-министрден жауап алынғаны айтылған.

Malim Админ

  • 20.03.2024

Бас прокуратура Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы таралған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

«2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарды азаптауға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастыруда. Облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды. Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бас прокуратура Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау бөлінімде ұсталған азаматтарды азаптау туралы іс бойынша дәлелдемелер жинаған.

 «16 наурызда осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды. Бұдан басқа, қызметтік атыс қаруын ұрлау фактілері бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеп-тексеру жалғасуда», - делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде. 


ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

Турагентке сеніп саяхатсыз қалған елуден аса қостанайлық полицияға шағымданды

23.01.2025

"7 млн теңге". Полиция ақша бопсалаған блогерді ұстады

21.01.2025

Былтыр Маңғыстауда қылмыс саны қатты өскен

20.01.2025

Мопедтерді тіркеу үшін нені білу қажет?

20.01.2025

Кеше сотталған экс-полицей Берік Әбілбековтің видеосы жарияланды

18.01.2025

HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады

17.01.2025
MalimBlocks
Турагентке сеніп саяхатсыз қалған елуден аса қостанайлық полицияға шағымданды

Олардың жалпы шығыны 40 млн теңгені құраған

"7 млн теңге". Полиция ақша бопсалаған блогерді ұстады

Былтыр Маңғыстауда қылмыс саны қатты өскен

Ал ең көп қылмыс Алматыда жасалады

Мопедтерді тіркеу үшін нені білу қажет?

Кеше сотталған экс-полицей Берік Әбілбековтің видеосы жарияланды

HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады

Human Rights Watch ұйымы Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі есебін жариялады