Дәрігер Тоқаевқа: Мәжілісті таратып жіберіңіз

Алмас НҮСІП

  • 02.06.2020

Дәрігер-белсенді Қайырғали КӨНЕЕВ президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА парламент мәжілісін таратып жіберуді ұсынды. Өйткені, олар қабылдаған Денсаулық кодексі - халыққа қарсы.

 «170 мыңға жуық Қазақстан азаматы электронды петиция жолдап, халыққа қарсы жоба Денсаулық кодексіне қарсылық білдіргеніне қарамастан, ҚР парламент мәжілісі бұл кодексті бәрібір қабылдады. Халықтың мүддесі мен дауысына құлақ та салған жоқ, әшейін кейбір шулы сөздерді өзгерткені болмаса, мағынасы сол күйінде қалды. Петицияға қол қойған 170 мың азаматтың пікірін ескермей, халыққа қарсы денсаулық кодексін қабылдап жібергені үшін мәжілісті тарату туралы бастама көтеруіңізді сұраймын», - деп жазды белсенді-дәрігер Көнеев Facebook-тағы парақшасында.

Дәрігер бұдан ары Конституцияның 33 бабы 1 бөлімінде айтылған Қазақстан азаматтарының құқықтары бұзылғанын айтады. Оның сөзінше, мемлекеттік істерге араласуға, пікірін білдіруге тырысқан 170 мың азамат құқықтары тапталған, қорланған сезімде қалып отыр. Және президент боп сайланғалы бері «Еститін мемлекет» концепциясын ұсынған Тоқаевтың бастамасын еске салады.  Оның ойынша, «жершіл князьдар» мен «халықшыл емес» депутаттар тарапынан Тоқаев саясатына астыртын қарсылық жүріп жатыр, олар президенттің тапсырмаларын аяқ асты етіп келеді.

«Қазір белсенділер Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы белсенділер митингілер ұйымдастырамыз деп жатыр. Сондай-ақ, басқа да аймақтан көптеген адамдар маған хат жазып, 11 шілдедегі заң аясында өтетін бейбіт жиынға қатысу үшін өтініш беруге дайын екенін айтуда. Кодекске қарсы петицияға қол қойған 170 мың азамат халыққа қарсы Денсаулық кодексіне қарсылығын ҚР заңнамаларына сәйкес табанды түрде күресетіні анық», - дейді ол.

Осыған байланысты, «халықтың мүддесін жеткізбек түгілі, халықпен диалог орната алмайтынын дәлелдеген» мәжілістің қазіргі құрамын таратуды сұрайды.

Айта кетейік, Көнеев бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ отставкасын талап еткен.

Ал, бұл жолы ол айтып отырған мәселе – 13 мамыр күні мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасын мақұлдап, сенаттың қарауына жолдаған.

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

20.05.2020

Сауалнама: Тоқаев Цой мен үкіметті отставкаға жібере ме?

06.04.2021

Тоқаев мырза, сіздің сыныңызды елеген ешкім жоқ

19.02.2020

Тоқаев: «Жақында оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз»

03.06.2020

Тоқаев пен Мирзиеевқа ортақ кеңесші немесе Ақорда түсіндірмесі

15.09.2020

Карантин кезінде Тоқаев тапсырмасымен заң жобасы мақұлданды

22.04.2020
MalimBlocks
Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

Сауалнама: Тоқаев Цой мен үкіметті отставкаға жібере ме?

Тоқаев мырза, сіздің сыныңызды елеген ешкім жоқ

Тоқаев: «Жақында оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз»

Тоқаев пен Мирзиеевқа ортақ кеңесші немесе Ақорда түсіндірмесі

Карантин кезінде Тоқаев тапсырмасымен заң жобасы мақұлданды