Қызылордадағы митингіде он шақты адам ұсталды

Malim Админ

  • 08.06.2020

Қызылорда қаласындағы митинг кезінде де арнайы жасақ он шақты адамды ұстап алып кетті. Қызылордада митинг орталық алаңның маңында өткізіледі деп белгіленген болатын. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Бастапқыда шеруге қолдарына Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ  өлеңінен үзінді және Әлихан БӨКЕЙХАННЫҢ сөзі жазылған плакат ұстаған үш адамды орталық алаңға жеткізбей ұстады. Олар көше бойлап талаптарын айтып, ұрандатып келе жатқан еді.

Олар «саяси тұтқындарға босатндық!» деп ұран тастады. Алайда, әбжіл қимылдайтын полиция аяқтарын жерге тигізбей алып кетті.

Ал бұл уақытта митинг өтетін алаңда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатты. Бірнеше минуттан кейін осы орталық алаңға   топ-тобымен адамдар жиналды. Шеруге шыққан 20-ға жуық адам «жер сатылмасын», «несиелер жабылсын» деп талаптарын айтты.

Сол маңда жүрген құқық қорғау органдарының және әкімдіктің  қызметкерлері оларды тарқатуға тырысты. Бірақ шамамен 15 минут өткен соң  арнайы жасақ ереуілдеткендердің ішінен бірнеше тұрғынды ұстап көлікке салып әкетті. Содан соң митингке келгендердің көбі тарқай бастады.

Фотолар автордікі.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Байланысты жаналықтар

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020

Т. Рысқұлбеков: Мамай, төбелес керек болса, төбелесейік!

06.06.2020

Қызылордада бастықтар полицейлерге ұйқы бермейді екен

17.05.2020

Сағынтаев ертеңгі митингіге дайын

01.03.2020

Айыптау: Төлесова полицейді ұрып, бес полицейдің бас киімін қағып түсірген

04.08.2020

Митингке шыққан белсенділер қамалды

01.03.2020
MalimBlocks
Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

Т. Рысқұлбеков: Мамай, төбелес керек болса, төбелесейік!

Қызылордада бастықтар полицейлерге ұйқы бермейді екен

Сағынтаев ертеңгі митингіге дайын

Айыптау: Төлесова полицейді ұрып, бес полицейдің бас киімін қағып түсірген

Митингке шыққан белсенділер қамалды