Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады

  • 17.06.2020
  • Malim Админ

Адвокат Абзал Құспан белгілі журналист Арман Шораевтан жалған ақпарат таратып, жала жапқаны үшін кешірім сұрады. Адвокаттың кешірім сұраған видеосын Арман Шораев фейсбук парақшасына жариялады.

«Ардақты ағайын, мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ел алдында, қоғам алдында Арман Шораев ағамыздан кешірім сұрағым келеді. Егер естеріңізде болса, 2019 жылы қазан айында мен белгілі журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызына интервью беру барысында өзімнің қорғауымдағы Ислам Әбішев пен Серік Түлкиевтің ісі бойынша тапсырыс берушілердің ішінде осы Арман Шораев та бар деген сипатты мәлімет таратқан болатынмын. Осыған қатысты маған қарсы талап-арыз беріліп, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында азаматтық іс өндірісі басталған болатын. Сол сот процесі күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр. Осы айтқан сөздеріме байланысты Арман Шораевтан кешірім сұрауыма бір емес, бірнеше жағдай қатарынан себеп болып отыр.

Біріншіден осы жерде мән-жәйларды түсіндіре кетейін. Осы Сәуле Әбілдаханқызына интервью беру барасында мен Арман Шораевты тапсырысшы деп атауыма өзімнің қорғауымдағы сотталушы азаматтардың сөзі себеп болатын. Ол туралы сол интервьюда солай ашық айтылды да. Алайда Арман Шораев тапсырысшы болатындай біздің қолымызда, соның ішінде менің қолымда ешқандай материалдық сипаттағы, құжаттар түріндегі қандай да бір дәлел жоқ болатын. Қолымда материал бар деп те айтқан жоқ болатынмын», – дейді Абзал Құспан.

Абзал Құспанның журналист Арман Шораевтан кешірім сұрауының бірінші себебі. Яғни, жалған жала жауып, дәлелсіз күйе жаққанын мойындап, кешірім сұрады.

Екінші себеп, адвокаттың айтуынша, марқұм Бейсен Құранбектің бір ауыз сөзі. Абзал Құспан Бейсен Құранбек аурып жатқанда хәлін білуге барғанда, ол осы мәселеге алаңдаушылығын білдіріп: «Елдің алдында жүрген азаматсыңдар. Алдарыңда әкелеріңнің қалған құны жоқ. Ертең жазылсам, өзім екеуіңді татуластырам» деген мазмұнда өтініш айтқан екен. Бірақ дарынды журналист дүниеден озды. Соның сөзін, аманатын сыйлап, кешірім сұрап отырмын деген сөз айтады Абзал Құспан.

Екінші себебі де жақсы. Бірінші себебі бұлтартпас себеп. Бейсен Құранбектің көзі тірі кезінде осылай кешірім сұраса, бұдан да жақсы болар ме еді. Өзі екі азаматтың татуласқанын көріп, қуанар еді ғой деген де ой келеді.

Бұл істің енді екі жақ үшін де мағынасы қалмады деп есептейді Абзал Құспан. Өйткені азаматтық іс өндірісіне себеп болған қылмыстық іс тоқтатылған. Абзал Құспанның негізсіз сөзін айтқызған Сәуле Әбілдаханқызы да, сол сөзді басып, таратқан сайттардың редакторлары да сотқа екінші, үшінші тарап болып тартылып жатыр екен. Солардың бәрін әбігерге салмай, Абзал Құспан кешірім сұрап, істі тоқтатсақ дейді.

Осы видеоны Арман Шораев «Кешірдім» деп бөліскен.

Байланысты жаналықтар

Коронавирус қайта оралды

12.10.2020

Екі адам коронавирустан айықты

25.03.2020

Студенттер онлайн оқуға қарсы

16.09.2020

NUR OTAN жаңа мүмкіндіктер алаңы

17.12.2020

Таксиді тастап, түйе бағамын  

24.05.2020

Солтүстікке барғандар оңтүстікке көшіп жатыр

10.12.2020