Баталов аудан атын өзгертемін деп уәде берген жоқ

  • 20.06.2020
  • Берік Жанатханұлы

Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданындағы кикілжіңнен кейін әлеуметтік желі алақайлап, бөрікін аспанға атты. «Не болып қалыпты?» десек, аудан аты өзгеретін болыпты. Бұндай ақпаратты алдымен жергілікті taldykorgan-online.kz  интернет басылымы таратыпты. Жетісулық сайт Баталов Ұйғыр ауданы атын өзгертемін деп әуде берді деп айды аспанға бір-ақ шығарған.

Бұл ақпаратты өзге интернет басылымдар көшіріп басып, әлеуметтік желідегі жұрттан сүйінші сұрағандай болды. Біз сайттарда, Facebook, Instagram, Whats Aap желілеріне тарап кеткен облыс басшысы Амандық БАТАЛОВТЫҢ  Шонжыда өткен жиындағы сөзін тыңдап шықтық.

«Қандай мәселе көтерілді десем, барлығы негізіген жаңағы төбелес емес, ауданның атын айтады. Бір мәселе, осы жерде. Соның барлығының салдары. Содан шыққан жағдай. Сондықтан, осының барлығын анау Астанаға жеткіземін. Айтамын. Міне, ертең айтамын. Сосын, қазір кішкене дұрысталып алсын. Біз де Астанаға бармауға тырысып жатырмыз. Коронавирус көп. Бұрын мен әр жолы Нұр-Сұлтанға барғанда елбасына, президентке, премьер-министрге, министрлерге кіремін. Мәселелерді шешіп жүрмін ғой. Қазір жағдай болғанда мен өзім арнайы жазылып, мемлекет басшысына кіріп, мына жағдайлардың барлығын айтып беремін деп, мен сіздерге уәде, міне, беріп отырмын», - депті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Бірақ, Facebook-тегі жұрт ауданға жаңа ат қарастырып кетті. Қоғамдық белсенді Серікжан ЕСЕНҒОСҰЛЫ: «Ұйғыр ауданына бүкіл әлемге танымал Шарын шатқалының атын беру керек. Шарын ауданы», - деп ойын ортаға салған.  Ал «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері Ермұрат БАПИ жергілікті халықтың ұсынысын ескерген де жөн дейді.

«Ауданның экономикалық перспективасы мен туризм әлеуеті тұрғысында «Шарын ауданы» деп аталғаны оңды болады. Немесе  мүмкін жергілікті жұртшылықтың талабын ескеріп, Шонжыны - Шарын қаласы деп, ал ауданды – «Қарадала ауданы» деп атау керек шығар. Қалай болғанда да, америкалық Колорадо штаты мен сол аймақтағы атақты каньонның атауы астасып жатқанын еске алайық», - деп жазды Ермұрат Бапи.

Ауданға Д.Қонаевтың, З.Нұрқаділовтің атын берейік дейтіндер де бар. Мақаланың атын ғана оқып сүйіншілеген жұрт тіптен көп. Бұндай бұрмалаған ақпаратты тарату кімге керек болды екен? Әлде, бұл 6-шілде қарсаңында жұртты тынышталту үшін жасалып отыр ма екен...

Берік Жанатханұлы

Байланысты жаналықтар

Қазыбек Дәуітәлі: Халықтың кредитін қалай кешіру керек?

12.11.2020

Жамбыл облысында жұмыспен қамту 130 пайызға орындалыпты

18.08.2020

Досановқа жауап: Назарбаев тапсырмасы орындалмаған

19.02.2020

Әкімдік «ескі» деген үйден тұрғындар көшкісі келмейді

29.04.2021

Қытай вирусты жеңбесе, Токио олимпиадасы өтпейді

10.02.2020

"Арыз жазамыз": Нұр-Сұлтан әкімдігі аналарға жала жабуға кірісті ме?

03.03.2021