Жаңаөзенде атыс болды

  • 22.06.2020
  • Malim Админ

Жаңаөзен қаласында атыс болып, оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бірақ болған оқиға жайлы ешқандай шағым түспеген. Бұл туралы Маңғыстау полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

25 секундтық видеода екі адамның жол талғамайтын көлікке қарай жүгіріп келе жатқанын көруге болады. Ақ кеудешедегі адам қашып келіп, көлікке отырып үлгереді, оның артында келе жатқан қолына шолақ мылтыққа ұқсас қару (тапанша емес) ұстаған қара киімді адамның көліктің ішіне мылтықты салып, кері қарай жүгіргені байқалады. Дыбыстар анық естілмейді, алайда, видеоны түсіруші куәгердің:

«Атыс боп жатыр мына жақта. Қашып кетті ана жаққа жаңағы балалар. Қан тұр әне. Бұл қан», - дейді.

Қара түсті көліктің рөлінде тағы біреу болғаны аңдалады, ақ кеудешелі адам көліктің артқы жағына келіп отырған соң, көлік бірден жүріп кетеді. Сол аралықта тағы бір бағытқа өзге бір жеңіл көлік (Audi макркалы деп топшылауға болады) асығыс қозғалып, үйлердің тасасына сіңіп жоқ болады. Ал, қаруды көлікке тастаған қара киімді адам мүлде басқа бағытқа кетеді де, ары қарайғы әрекеті көзге түспейді.

"Бұл мәселе бойынша полицияның кезекші бөліміне ешқандай қоңырау түскен жоқ. Соның өзінде құқық қорғау органдарының өкілдері оқиғаға қатысы бар автокөлікті анықтады", - дейді жергілікті полоиция департаменті.

Бұл мәселе туралы қалалық ауруханаға да ешқандай шағым түспеген. Ал, көліктің орнында қалған қара дақ (куәгердің айтуынша, қан ізі) жайлы ешқандай анықтама берілген жоқ. Қазір оқиғаға қатысы барлар іздестіріліп жатқаны айтылады.

Байланысты жаналықтар

31 ТАМЫЗДАН БАСТАП МЕШІТТЕР АШЫЛАДЫ

26.08.2020

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған науқастар қайтеді?

15.06.2020

Ассамблея: Қиын кезде ұлттық тұтастық керек

18.05.2020

ДДСҰ коронавирустың енді қаншаға созылатынын айтты

23.04.2020

Дәрігерлерге үстемақы берілді

12.04.2020

Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек бермек

08.07.2020